Шекарада созине ангиме курап бериндерши отинем.Пажалуста

Шекарада созине ангиме курап бериндерши отинем.Пажалуста
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ата-бабаларымыз сан ғасыр күресіп, армандап өткен тәуелсіздік тұғырының мықты болмағы көп жәйттерге байланысты. Соның бірегейі – Мемлекеттік шекара. Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан кейін Мемлекеттік шекараның мән-маңызы бұрынғыдан да арта түсті десек болады. "Қазақстан-2030" стратегиялық даму бағдарламасында ұлттық қаушсіздікке айрықша мән берілген. Ал ұлттық қауіпсіздік - Мемлекеттік шекараның беріктігімен тікелей байланысты шаруа. Үстаміздегі жылдың 18 каңтарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Қазақстан - Ресей Мемлекеттiк шекарасы туралы шартқа қол қойды. Еліміздің құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы 14 мың шақырым болса, соның жартысынан астамы, яғни 7591 шақырымы көршілес ел Ресей арқылы өтеді екен. Президентімiздің өткен ақпан айындағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Жолдауында осынау маңызды тарихи оқиға туралы Елбасымыз: «Осыдан бір ай бұрын Мәскеуде қол қойылған Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы шарттың тарихи маңызы зор. Тарихымызда тұңғыш рет біздің өзімiздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде рәсімделген Мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың шақырымнан асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткiздік. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі»,-деп атап өтті. Осынау тарихи құжаттың көршілес екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың одан сайын тереңдей түсуіне тигізер игі ықпалы зор болады ден есептеймін. Жасыратын несі бар, бұрындары шекаралы ауданның тұрғындары халық тұтынатын көптеген тауарларды контрабандалық жолмен бір елден екінші елге алып өту секілдi шаруалармен айналысқан. Жаңа шекара заставалары ашылып, шекарашылар өз мiндеттерін орындауға кіріскеннен кейін, осындай жағдайлардың күрт азайғандығын баса айтқым келеді. Уақыт өте келе, көрші елге сапарлап шыққан азаматтардың барлығы арнайы қойылған бақылау-өткізу бекеттері арқылы өтіп, шекара режимiне үйренетіндіктеріне сенімдімiн. Толық межеленген Мемлекеттiк шекарамыздың бұзылмауы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсiздiк комитетінің Шекара қызметі заң талаптары аясында әскери борыштарын мүлтiксiз атқаратынына сенімдімін. Тағдырдың жазуы болар, бiздер шығысымызда Қытай, солтүстігімізде Ресей секілді ірi мемлекеттермен көршіміз. Президентімiз Н.Ә.Назарбаев өткен қаңтар айындағы Мәскеу сапарынан кейін "Егемен Қазақстан" газетiне берген сұхбатында "Анығын айту керек, кешегі азуын айға білеген Ресей империясы да, жарты әлемдi билеген Кеңес Одағы да Қытаймен шекара мәселесін ешқашан толық шешкен емес", – деп әділ түрде атап өттi. Күрмеуі қиын осы мәселеге 1998 жылы түпкілікті нүкте қойылды. Осы жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы Мемлекеттік шекара туралы келісім-шартқа қол қойылды. Ал солтүстiктегі көршіміз Ресеймен осынау маңызды тарихи құжатқа өткен қаңтарда Мәскеу қаласында қол қойылғанын жақсы білеміз. Осы жылдар аралығында түбімiз бір өзбек, қырғыз, түркімен елдерімен арадағы Мемлекеттік шекара туралы келісім-шартқа да дау-дамайсыз қол жеткізгенiмiз белгілі. Бүгіндерi барлық көршілерімiзбен Мемлекеттік шекара мәселесін түпкілiкті шешкендігіміз – Елбасы жүргізіп отырған сындарлы саясаттың жемісі деп есептеймін.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы