Шешеннің тілі ортақа шығарма пожалуйста

Шешеннің тілі ортақа шығарма пожалуйста
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Академик В.В.Радлов(XIX ғ.): "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.               Шешендік сөздерді оқып-үйрену - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені тіл тазалығын сақтау, ана тілін сүю, шебер сөйлеуге машықтану, көпшілік алдында сөйлей білу, өз ойын жеткізе алу халық өнерінен білім алумен тікелей байланысты. Асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер мойнына жарасатыны сияқты сөз асылы да өз ортасында құнды.Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қомақты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз.  «Шешен» сөзі қазақ тілінде ертеден қолданып келеді. Бұл сөздің мағынасы данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес.  «Шешен» сөзі қазақ тілінде «сөзшең», «айтқыш», «тапқыр», «суырыпсалма», «ділмар», «қызық тілге жүйрік» дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. «Шешен» сөзін халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. Дальдің түсіндірме сөздігінде «оратор» - краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудәң шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді. Қазіргі тіл білімінде «шешен» деген сөз көп мағыналы: 1.  Шешендік өнермен айналысатын адам; 2.  Көпшілік алдында сөйлейтін адам; 3. Қызыл тілді меңгерген, шешен сөйлеуге қабілетті адам.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы