Сиыр тақырыбына шығарма жазу

Сиыр тақырыбына шығарма жазу
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Сиырлар 5 жасқа дейін өсіп жетіледі, кейбір кеш жетілетінн тұқымдары 6 — 7 жасында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 — 35 жыл, бұқасы 15 — 20 жыл тіршілік етеді. Сүт бағытындағы Сиырдан 9 — 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан кейін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді. Сиырды етке 1,5 — 2 жасында бордақылап немесе жайып семіртіп өткізген жөн. Асыл тұқымды сиырларды тұқым алу үшін 5 — 10 жыл пайдаланады. Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 — 10 айлығында, бұқаларда 8 — 10 айлығында жетіледі. Алайда шағылысқа қашарды 18 — 22, бұқаны 14 — 18 айлығында қосады. Бұзаулағаннан алғашқы күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созылады, күйті 19 — 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285 күнге созылады. Ұрғашысы әдетте бір бұзау табады, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз. Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм. 18 — 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек бұзаудың салм. 1 — 3 кг артық болады. Олардың еті мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі салмағының 30%-ын құрайды. Ересек Сиырдың салм. 250 — 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 — 900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады. Сиырды ет және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті сиыр тұқымының орташа өнімі жылына 3500 — 400 кг, сүтінің майл. 3,6 — 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін (голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым мерзімі 280 — 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 — 2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін кезеңі 4-тумасында.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы