Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, оны-
мен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы