Сочинение на казахском языке про саков помогите плиз))
Сочинение на казахском языке про саков помогите плиз))
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Саяси тарихы Сақтардың саяси тарихы жайында грек тарихшысы Геродот ескі бір аңызды еске түсіреді. Ол сақтармен парсы Кир әскері арасындағы соғысты баяндайды. Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис бастаған сақ әскері парсылармен қиян-кескі соғыстар жүргізеді. Нәтижесінде парсыларды жеңгеннен кейін, ол тері қапты қанмен толтырыңдар деп бұйырды, соған Кир патшаның басын салып тұрып былай дейді: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!». Міне, осы аңыздан сақтардың ержүрек жауынгер тайпалар болғанын көруге болады. Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым — салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек — парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет — сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы