Сочинение на тему улттык тагамдары

Сочинение на тему улттык тагамдары
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгі тамақтардың түрлері: ет тағамдары, сүт тағамдары және нан тағамдары.      Айран. Қаймағы алынған немесе алынбай пісірлген сүтке азырақ су қосып ұйытылады. Ол- жеңіл және сусындық тағам.    Қуырдақ. Қуырдақ кез келген малдың етінен жасала береді. Қуырдаққа еттен басқа өкпе-бауыр қосып жасайды. Қуырдақтың түрлері көп: соғым қуырдағы, өкпе-бауыр қуырдағы, қарын қуырдағы.   Бауырсақ. Шай дастарханының басты асы – бауырсақ. Бауырсақ ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Қазақтың ұлттық бауырсағы әр түрлі пішінде, үш-төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Бауырсақтың түрлері көп. Мысалы: бармақ бауырсақ, жол бауырсақ, ши бауырсақ, ақ бауырсақ, той бауырсағы т.б.
Гость
x Beeline абоненттері тегін кіретін жер Басты мәзірді ашу Arystanbek 1 айбұрын /wiki/%D0%90%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%B9%D1%8B:History/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D1%85%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D2%B1%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D0%B5%D1%82_%D1%82%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B соңғы рет өңдеді ӨңдеуБұл бетті бақылау Қазақ халқының ұлттық ет тағамдары Қазақ халқы асты жоғары бағалап, қадірлей білген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде тағамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал- мәтелдер осының дәлелі. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы