Сочинение про доброту на казахском языке? 15 б

Сочинение про доброту на казахском языке? 15 б
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп мейримдилекке зор ман болген.
Гость
Жақсылық-бұл кереңнің ести алатын, соқырдың көре алатын дүниесі. Жақсылық жасау адамзаттың ең жақсы қасиеттерінің бірі. Бұл дүниеге барлық адам жақсы болып келмейді. Жүре, көре барлығын біледі, үйренеді. Өмірлік тәжірибесі артады. Жақсы мен жаманды айыра алатын болады. Жақсылық жасау өз қолыңда. Егер жақсылық жасасаң сенің қадірің артып, сыйлы адам боласын. Ал егер барлығын жаман жағынан көрер болсаң сені жаманшылық айналшықтап жүреді. Сондықтан барлық нәрсеге жақсы көзбен қарау керек  деп ойлаймын.Бұл дүниеде жаманшылық деген атау жетіп артылады, ал жақсылық аз. Оны жасау өз қолымызда. Сол себепті тек жақсылық жасап жүрейік.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы