Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Гость
Қыс мезгілі маған ұнайды.Қыста аппақ қар жауады,ауа таза болады.Мұзайдынында сырғанайсың,шаңғы,шана тебесің,аққала соғасың.Қыста ауырып қалмас үшін қалын киіну керек.Үскірт аяздар болады.Қыс мезгілі желтоқсан ,қантар,ақпан айлары бойы жатады.Жер қалың қарға оранады. Кун қысқа,түн ұзақ болады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы