Составить диолог таза ауа 7 вопросов и 7 ответов

Составить диолог таза ауа 7 вопросов и 7 ответов
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
 - Арман, қалай ойлайсың, біздің тыныс алып отырғанымыз ауа таза ма?  - Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз.  - Неліктен?  - Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді.  - Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә?  - Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды!  - Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе?  - Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек.  - Ал ауаны қалай ластамауға болады?  - Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру.  - Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар?  - Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.  - Оттегі деген не?  - Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады.  - Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой.   - Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.  
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы