Составьте диалог на тему "Кітап дүкенінде"

Составьте диалог на тему "Кітап дүкенінде"
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
                                            Диалог: " Кітап дүкенінде" - Сәлеметсіз бе, апа! Сіз қандай кітап алғалы тұрсыз? - Аманбысың, балам. Қасым Қайсеновтың таңдаулы шығармалары берілген кітапты алып, оқымақпын. - Неге Қасым Қайсеновты оқығыңыз келді? - Себебі, партизан жазушы Қасым Қайсеновтың шығармаларында  Ұлы Отан соғысы туралы жазылған. Күні кеше тойлаған Жеңіс мерекесі қарсаңында Қ.Қайсеновтың туындыларымен танысқым келді. - Ендеше, бұл кітапты оқыған кезде Отанға деген сүйіспеншілік сезімі арта түсетін шығар. Солай ма, апа? - Дұрыс айтасың, балам. Ал сен кітап дүкеніне қандай кітап алуға келіп едің? - Мен кітап оқығым келіп, дүкенге келген едім. Енді қандай кітап аларымды білмей тұрмын. Сіз маған кеңес берсеңіз жақсы болар еді.  - Жарайсың, балам. Кітап оқысаң, тіл байлығың көбейіп, көп нәрсені үйренесің.  Мен саған М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясын оқуға кеңес берер едім. Ол кітапты оқитын болсаң, қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірімен, шығармашылығымен толықтай таныс боласың. Мен бұрын сол кітапты оқып, ерекше әсер алдым.  - Кеңесіңіз үшін рахмет, апа.  - Оқасы жоқ, балам. Кітап дүкеніне жиі келіп, кітап оқып жүруді ұмытпа. Кітаптың саған берер пайдасы көп. - Жарайды, апа. Сізге үлкен рахмет. Сау болыңыз! - Сау бол, балам.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы