Составьте пожалуйста сочинение на казахском на тему бабушка и дедушка (10предложений)

Составьте пожалуйста сочинение на казахском на тему бабушка и дедушка (10предложений)
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Бала кездің ең бір тәтті шағы ата-әжеміздің қасында өткен бал күндер ғой. Таңертеңнен асыр салып, доп қуып келген кішкене құлыншақтарын еркелетіп, айналшықтап жүргенде ең ыстық жандар ата-әже екенін сезінеміз. Нағыз тәрбие мектебі де ата- әжеден бастау алады. Өйткені, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық танытудан бастап, отансүйгіштік, кішіпейілділік, бауырмалдық секілді игі қасиеттерге баулып, жақсылыққа үйретуші. Немересінің тәтті қылығына тамсанып отыратын ардақты жандардың орны ерекше.Мен де ата-әжемді тұнып тұрған өнегеліктің үлгісі деп білемін. Жазғы демалысымда ауылға ерекше сағынышпен аттанамын. Үйге жете салысымен ата-әжемді іздеп, олардың әжім басқан нұрлы жүздерінен төгілген сағынышты көргенде шаттанып, кішкене балаша күй кешемін. Атам маған әр сөзінде "Атаңның баласы болма, адамның баласы бол", - деп айтып отырады. Осы сөздің өзі маған Отан, ел алдындағы жауапкершілігімді сездіреді. Ата-әжемнің санама сіңірген әрбір сөздері мені ақылды ойға жетелейді. Бұл өмірдегі әр нәрсенің орнын айнытпай түсіндірген ата-әжеме алғысым шексіз. Барлық досыма ата-әжеміздің қадірін білейік, аялайық, ақыл-кеңестерін тыңдап, ақылды болайық дегім келеді.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы