Составте вопросы к тексту:Бейбіт бақша ішінің топыраған қопарып, оңды-солды шашып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария: – Әй, бала! Жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сенің асыраушы анаң ғой,– дейді...

Составте вопросы к тексту:Бейбіт бақша ішінің топыраған қопарып, оңды-солды шашып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан бір қария: – Әй, бала! Жерді мұнша неге қорлайсың? Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сенің асыраушы анаң ғой,– дейді. – Балшықты анаң дегеніне аң-таң болған Бейбіт: – Менің анам үйде, аты – Зейнеп,- деді. – Балам, онда сол Зейнеп келінге айта бар, түсіндірер,- деп қария ұзай берді. Бейбіт үйге келді. Анасы баласының үсті-басын көріп кейіді. Тамағын ішіп, көңілі жайланған соң, Бейбіттің есіне қарияныңайтқаны түсті. – Апа, –дедi ол,– мана бір шал: « Жерді босқа қопарма, ол да сенің анаң!»- дедi, – ол не дегені? – Сен не дедiң? – деп сұрады Зейнеп. – Менiң анам үйде дедім. – Балам-ай, неге осынша кiр, балшық болып келгенінді енді білдім. Ол кісі саған дүрыс айтқан. Жер– бәріміздің анамыз. Онсыз тіршілік жоқ. Бейбіт әлі аң-таң. Шешесі де қарияның сөзін айтады. – «Жер – анамыз» дейтiн себебіміз,- деді анасы,– iшетін суымыз, жейтін нанымыз – жердікі. Дұрыстап ұғып алғын, тіпті, адамға қажеттінің бәрі жерден өнеді. Қағаз, қарындаш, машиналарды жасайтын темірді де жер береді. Мысалы, жаңағы жеген қаймағың сиырдың сүтінен алынады. Сиыр жердің шөбін жемесе сүт бермейді. Сүт болмаса, қаймақ қайдан келеді? Солай, балам. Сондықтан да Жер – бәріміздің асыраушы анамыз. Бейбіт анасының әр сөзін зейінмен тыңдады. Түстен кейін бақшаға кіріп, қопарып, шашып ойнаған топырақты тегістеді. Тіпті, ақырын ғана алақанымен аялап, сипап қойды.
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
1Бейбіт бақшада не істеді? 2Қария Бейбітке қандай ақыл айтты? 3Бейбіт қарияның ақылын дұрыс түсінді ме? 4Бейбіттің анасы жер туралы қалай түсіндірді? 5Бейбіт қатесін қалай түзеді?
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы