Срочно нужно сочинение на тему *Адам корки шуберек*
Срочно нужно сочинение на тему *Адам корки шуберек*
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақтың классик жазушысы Сәбит Мұханов қазақттың ұлттық киімдері туралы:
Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұханов былай деп жазады: «Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді, әсіресе теріні сырт киім үшін пайдаланатын.
...Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп, ықшамдап тіккен» - деп баға берген. Бағзы заманда «аттың жалы- түйенің қомында» көшпелі тірлік кешкен қазақ халқы күнделікті тұрмыста киетін киімге айрықша назар аударған.
Ата-бабаларымыз әрбір киімді адам денесін құбылмалы ауа райынан қорғайтындай берік те төзімді етіп тіккен.
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды.
Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады.
Есте сақтаңыз!
Киімге байланысты ырымдар
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі.
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады.
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды.
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады.
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы