Сызба бойынша Қазақ тілін үйренейік тақырыбына әңгіме дайындаңдар

Сызба бойынша Қазақ тілін үйренейік тақырыбына әңгіме дайындаңдар
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Лексикалық тақырыбы: Қазақ тілін үйренейік Бөлімі Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1-сабақ Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Тіл білу - өнер» Сұхбатпен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау 45 минут Сөйлесу 2-сабақ «Қазақ тілін үйрену жолдары» тірек сызбамен жұмыс істеу Сұхбатпен жұмыс істеу Жаттығуларды орындау 45 минут 3-сабақ Тіл мәдениеті Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау 45 минут 4-сабақ «Қай тіл көп тараған?» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау 45 минут 5-сабак «Қазақ тілін өзге ұлттардың үйренуі» сұхбатымен жұмыс Жаттығу жұмыстары 45 минут 6-сабақ Тіл дамыту Фонетикалық талдау Сұрақтарға жауап беру М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі 45 минут Қорытынды 7-сабақ 1. Тест 2. Бақылау сұрақтары 45 минут Кіріспе бөлімі 1-сабақ Тіл білу - өнер I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру. III. Сабақтың мақсатын, барысын айту. IV. Бекіту. 1. 1-тапсырма. Берілген нақыл сөздерді түсініп оқып, тілдің қоғамда қаншалықты қажеттілігін түсіндіру. 2. 2-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. 3. 3-тапсырма. Тақырыпқа байланысты үш деңгейлі тапсырмаларды орындау. Деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойындары арқылы да жүргізуге болады. Құрал-жабдығы: 1. Бағалау парағы. 2. Үш деңгейлі тапсырмалары бар парақ. 3. Жауап үлгілері. Жетондар. Ойынның жүру барысы Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үш деңгейлі барлық сұрақтары бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан). Оқушылар деңгейді таңдайды: • III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді. • II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді. • I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс. Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады. Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған оқушылар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды. Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады. Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырма¬ларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді. I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады. 4. 4-тапсырма. Кесте бойынша тілдің қоғамдағы рөлін сипаттап беру. Берілген етістіктердегі тұйық етістіктерді талдау. V. Сабақты қорытындылау. VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Берілген сөйлем¬дерден сан есімнің мағыналық түрлерін тауып, үлгі бо¬йынша сан есімдерді цифрмен жазу.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы