Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Кесене орта азиялық түркі халықтарының әшекейлі қазынасының мұражай-қоймасы іспеттес. Кесененің құрылысы жайында шынай ақпараттар жоқ, тек қана аңыздар қалған. Көп тараған аңыз бойынша XI ғасырдағы белгілі оқымысты, ақын Хакім Сулеймен Бақырғанидің қызы Айша Бибі Тараз әміршісі Қарахан Мұхамедке ұнап қалады. Ол Айша Бибіге үйленбекші болып алдынан өткен кезде, оның тәрбиешісі Айқожы шейх келісімін бермейді. Туған үйінен жасырын шыққан Айша Бибі Таразға барып, Аса өзенінің бойында өзінің бас киіміне тығылған жылан шағып опат болады. Қыздың өліміне қайғырған Қарахан оның қайтыс болған жеріне ертегідегідей әсем кесене салады. Айша Бибінің жолсерігі Бабаджа қатын кесененің күзетшісі болып қалады да, қайтыс болғаннан кейін Айша Бибі кесенесінен 20 қадам жерде Бабаджа қатын кесенесіне қойылады.Қазір бұл тамаша ескерткіштің батыс қабырғасы ғана сақталған, ал қалған жақтарынан тек фрагменттер ғана қалған. Кесененің бұрышындағы мұнараның бірінде «Күз… бұлттар. Жер тамаша…» деген көне заман өлеңінің екі жолы жазылып қалған. Кесене алдыңғы бетінің қалаған кірпіштердің әртүрлілігі, сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің 60 түрінің сән-салтанатымен ерекшеленеді.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы