"Телефонмен сөйлесу әдебі" диалог керек!!! (очень срочно пожалуйста!!! ┬─┬ノ( º _ ºノ))
"Телефонмен сөйлесу әдебі" диалог керек!!!
(очень срочно пожалуйста!!! ┬─┬ノ( º _ ºノ))
Ответ(ы) на вопрос:
- Алло, сәлеметсіз бе?
- Алло, сәлеметсіз бе?
- Бұл Мараттың пәтері ме екен?
- Иә, Мараттың пәтері.
- Маратты телефонға шақырыңызшы.
- Марат үйде жоқ еді, ол іссапарда. Кешіріңіз, сіз кім боласыз?
- Қап, мен Семейден келіп едім. Мараттың досы – Асанмын. Ертең кетемін. Оның ұялы телефонының нөмірін бересіз бе?
- Асансыз ба, сіз туралы Марат айтқан. Асан, өзіңіз қалайсыз, отбасыңыз, бала-шағаңыз қалай? Мен Мараттың жұбайы – Арайлыммын.
- Арайлым, кешіріңіз. Біз таныс емеспіз ғой. Сондықтан білмей жатырмын. Менің отбасым, бала-шағам аман, бәрі жақсы. Өздеріңіз қалайсыздар?
- Рақмет. Бәрі жақсы. Марат Астанаға кетті. Асан, бізге қонаққа келіңіз. Үйде мен бармын. Мараттың анасы бар.
- Көп рақмет. Келе алмаймын. Асығыспын. Келесіде міндетті түрде келемін.
- Жарайды, онда қинамайын. Мен оның ұялы телефонын берейін. Жұмыс телефонын да жазып алыңыз.
- Иә, жазып алайын. - Сізге көп рақмет. Маратқа сәлем айтыңыз.
- Оқасы жоқ. - Сау болыңыз.
- Сау болыңыз.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы