Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықпен жүздесулері, студент - жастармен болатын әрбір кездесулері тіл мәселесіне бір соқпай кеткен емес.
Мемлекет басшысы мұндай кең алқалы жиындарда Мемлекеттік тіл- қазақ тілінің мәртебесін арттыру мен оның қолданылу аясын кеңейтуге үнемі назар аударып отырады. Сондай-ақ, үш тілді қатар меңгерудің маңыздылығы қашанда назардан түскен емес.
Әрине, Елбасымыздың бұл саладағы тапсырмаларының арасында біз бірінші кезекте ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» аясында қыруар жұмыстардың атқарылғанын атап өтуіміз керек. Бұл ретте іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшірудің ауқымды жобалары жасалды. Соның нәтижесінде тілдік құралдардың әдеби қоры жасақталып, Мемлекеттік тілді оқып, үйренудің әдістемелік жүйелеріне кең жол ашылды.
Осы оң үрдіспен ғана шектелмей, биылғы жылы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, іске асырылуы он жылға есептелген бұл Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделіп, онда тіл мәселелерімен айналысатын сарапшы қоғамдастықтың пікірлері мен ұсыныстары ескерілген.
Елбасымыздың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында да қазақ тілінің мәртебесі - Тәуелсіздігіміздің орасан зор жетістігі ретінде аталып өткені мәлім.
Елбасы Қазақстан халқына арналған биылғы жолдауында 2017 жылға қарай Мемлекеттік тілді білетін Қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу міндеті тұрғанын, ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиістігін атап өтіп, енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы Мемлекеттік тілді біліп шығатын болады деп көрсетті.
Бүгінгі таңда елімізде тілдер қолданысының дамуын іске асырудың құқықтық негіздері қалыптасты.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар жүйесінде Мемлекеттік тіл - қазақ тілін қолдану мен оның талап етілуі де күннен-күнге артып келеді.
Бұл қуанарлық әрі құптарлық жәйт. Жоғарыда аталған бағдарламада көптеген мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы іс-қағаздарының екі тілде- мемлекеттік және ресми тілде жүргізілетіні жөнінде айтылған. Бұл ретте Мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру мен оның қолданылу аясын кеңейтуді үнемі назарда ұстап отырудың маңызы зор.
Біздің ана–тіліміздің тұғырының мықты болуы әрбір қазақстандықтардың міндеті.
Осы орайда, заңдылықты қадағалау саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қызметкерлердің тілді жетік меңгеруіне және мемлекеттік тілді оқып үйренуге бағытталған іс-шараларын ұйымдастыру облыстық прокуратураның назарынан тыс қалмағанын атап өтуге болады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы