Толымды жане толымсыз сойлем деген не?

Толымды жане толымсыз сойлем деген не?
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.  Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты.  Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті.  Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл  -  толымды сөйлем.  Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен)
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы