Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Күз– жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде Жер шары өз орбитасының күн мен түннің күзгі теңелу нүктесінен Күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралығында болады (қ. Жыл мезгілдері). Астрон. тұрғыдан К. – 90 күн (24 қыркүйек – 22 желтоқсан) созылады. Әдетте, қыркүйек, қазан, қараша Күз айлары болып есептеледі. Күзде күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Қазақстан жерінің К-дегі сипаты біркелкі емес, солт. облыстарда егін піскенде, оңт. облыстар егіндерін жинап болады. Бізде Жер шарының солт. жартысында К. болғанда, Оңт. жарты шарда (Оңт. Америка, Австралия, Антарктида) көктем болады. Қыс — жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең төмен болатын климаттық маусым. Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады. Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1—2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік ендіктерде 6—7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады. Қазақстанның солтүстігінде оның оңтүстігімен салыстырғанда, қыс 1—1,5 айдай ұзағырақ болады. Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Күнтізбелік, яғни астрономиялық көктем күн мен түннің теңесуінен басталады. Күн мен түн уақыттарының теңесуі көбінесе наурыздың 20-сына келеді. Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы Көктемде 22 наурыздан, табиғаттың жандануымен басталады. Астрономиялық тұрғыдан Көктем 93 күнге (22.3 – 22.6) созылады. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т.б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасы аумағында географиялық ерекшеліктеріне байланысты Көктем оңтүстік аймақтарда ерте, солтүстік аймақтарда кеш келеді. Қар жамылғысы оңтүстік аймақта ақпан, Орталық Қазақстанда наурыз, солтүстікте сәуір айында ери бастайды. Жаз – жылдың төрт мезгілінің бірі. Бұл кезде Жер шары өз орбитасының жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады. Астрономиялық тұрғыдан жаз 93 күнге (23. 6. – 23. 9) созылады. Әдетте, Жер шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз жаз айлары болып есептеледі. Жаз — жан-жануарлардың тіршілігіне жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауыл шаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт жүргізіледі. Қазақстан жерінің жазғы сипаты біркелкі емес; ауа райы жаз айларында оңтүстік облыстарда ыстық, солтүстік облыстарда қоңыржай жылы болып келеді. Бұл жайт шаруашылыққа да әсер етеді. Кейде, күнделікті тұрмыста, көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып, жазды 6 ай деп есептейді. Алайда ауа райы бойынша Қазақстанның оңтүстік облыстарының жазы 6 айдан артық, солтүстік облыстарының жазы 6 айдан кем болып отырады. Жаз әр аумақтағы ауа температурасы едәуір жоғары болатын жыл уақыты, климат маусымы. Астроиомиялық ұғым бойынша жазғы Күн тоқырауынан күзгі күн мен түннің теңесуіне (Солтүстік жарты шарда 21-22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін) дейінгі уақыт аралығы; Солтүстік жарты шарда - маусым, шілде, тамызды, Оңтүстік жарты шарда — желтоқсан, каңтар, ақпанды жазғы айлар деп атайды. Жаздың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі ендіктерден жоғары ендіктерге қарай қысқарады. Экваторлық белдеуде Жаз үздіксіз жыл бойына созылады. Субтропиктік белдеулерде Жаз 5 айға, қоңыржай белдеулерде 3 айға созылады, полюстік ендіктерде 1—2 айдан аспайды.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/4947-turaly.html
© www.ZHARAR.com
Не нашли ответ?
Похожие вопросы