Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ағайын — ағайынның айнасы. Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар. Ағайын — алтау, ана — біреу. Ағайын — ащы, мал — тұщы. Ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды. Ағайын бірде араз, бірде тату. Ағайын бір өліде, бір тіріде керек. Ағайынға карап бала өсер, Қарағайға карап тал өсер. Ағайынға менменсу ағат емей немене, Ақылдылар айтқан сөз сағат емей немене. Ағайында өкпе бар да кек жоқ. Ағайынды алтау болса адам тимейді, тура жүрсең лебізің күймейді. Ағайынды жамандап туғанды кайдан табасың? Арғымақты жамандап тұлпарды қайдан табасың? Ағайынды іске шақырма, асқа шақыр. Ағайын жақында отырып тістескен, алыста отырып кісінескен. Ағайын жауға керек, Мал дауға керек. Ағайын қадірін білмесең жалғыздық берсін сазанды. Ағайынмен жауласпа — басың азаяды, Көршіңмен дауласпа — асың азаяды. Ағайынның аразы болса да азары болмайды. Ағайынның азары болса да безері жоқ. Ағайынның жаманы: алдыңда жүріп бас болмайды, артыңнан еріп дос болмайды (Қаратау би Отарбайұлы) Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің, Ата-анаңның кадірін балалы болсаң білерсің. Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы. Ағайын тату болса — ат көп, Абысын тату болса — ас көп. Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпаса жат жуық. Ағайын-туғанның қызығы — алыс-беріс, Құдалыктың қызығы — барып-келіс. Ағайының бай болса, Асағаның май болар. Ағайының барда "дұшпаным жоқ" деме, Абысының барда "күндесім жоқ" деме. Ағайының көп болса қоғам бол, бірің оған, бірің бұған бол. Ағайының көп болса ұлы шерік қолмен тең. Білімді туған жақсылар аз да болса көппен тең (Ақтамберді) Ағайыныңмен алыстан сыйлас.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/makal/789-tuys.html#read
© www.ZHARAR.com
Не нашли ответ?
Похожие вопросы