Загадка про корову и про лошадь на казахском языке

Загадка про корову и про лошадь на казахском языке
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Маң-маң басып келеді, Тапырақтап желеді. Мойны ұзын, үсті тау, Ертеден елге бел еді.
Гость
Таптым-таптым, тап жорға, Табаны жалпақ боз жорға. /Түйе/.Маң-маң басып келеді, Тапырақтап желеді. Мойны ұзын, үсті тау, Ертеден елге бел еді. /Түйе/.Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Мойны ұзын, көзі үлкен, Бұл не,өзің тауып ал? /Түйе/.Даусы қоңыр, үні мұң, Тесіп қойған мұрынын. /Түйе/.Дүниеде ақас бар бек жайлаған, Жанына адам барса ойбайлаған. Ақастың адам білер мінезі бар, Мінгесіп екі бала той тойлаған. /Түйе және оның өркеші/.Бір тақыт бар дүниеде әркім білер, Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер. Мінерінде төмендеп келеді екен, Мінгеннен соң жоғары көтерілер. /Түйе, оған мінген адам/.Дүбір-дүбір төртеу, Есенгелді екеу. Жағалбайлы жалғыз, Оның таңы қарбыз. /Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы/.Төрт кісі төсек сал дейді, Екі кісі қарауыл қарайды, Үлкен әйел есік аш дейді, Кіші әйел төмпештейді. /Түйе, төрт аяғы, екі өркеші, түйенің құмалақ тастағаны/.Төсек астында төрт күлше. /Түйенің төрт табаны/.Таудан тас домалайды, Тас бұршақтай сабалайды. /Түйенің құмалағы/.Жоғарыдан көп тас домалайды, Кезектесіп бірін-бірі қуалайды. /Түйенің құмалағы/.Шашылды маржан, Бағасы арзан. /Құмалақ/.Апан-апан, Ескі шапан. Иір қобыз, Жарық жұлдыз. /Түйенің шудасы, мойны,көздері/.Мамам маң басып барады,  Күлшесі қалып барады. /Түйенің ізі/.Екі төлдің атынан Бір төлдің аты шығады. /Тайлақ/.Түбірлі төртеу, Түймемен бесеу, Ерубай екеу, Мамық жалғыз. /Жылқы/.Қоян жақты, тақыр жонды, Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды. Салпы ерін, өзі жүйрік, Кең омырау, жуан құйрық. /Ат/.Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі, Үстіне мінген адам есіреді. Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен, Ойласаң тереңірек шешіледі. /Ат/.Отырдым мұнан барып оймауылға, Қлінді екі аяғым байлаулыға. Қолыма екі қайыс ұстап алып, Жүргіздім қайда барсам айдауыма. /Мінген ат/.Екеуі елеңдеп келеді, Төртеуі төбелесіп келеді. /Аттың екі құлағы мен төрт  аяғы/.Ана таумен мына тау соғысып келеді. /Аттың төрт тұяғы/.Кішкене ғана тостаған, Көтеріп қана тастаған. /Аттың тұяғы/.Алды қияқ, арты шалғай. /Аттың жалы/.Ұштым,ұжмаққа шықтым, Тептім, терекке шықтым. /Атқа міну/.Қарасам, қайдан келдің, Малы қара сайдан келдің. /Аттың тезегі/.Кекендеткен несі екен, Келіп салған несі екен? Сорпылдатқан несі екен, Сорқылдатқан несі екен, Суырып алған несі екен, Суы тамған несі екен? /Желідегі биені емген құлын/.Төртеу келеді, Төртеу асылып тұрады, Екеу жол көрсетеді, Екеу иттен сақтайды, Енді біреу артында асылып тұрады. /Сиыр/.Екі айнасы бар,  Екі найзасы бар, Төрт жаптырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар.  /Сиыр/.Бүкір ағашқа қар жұқпас. /Сиырдың мүйізі/.Ел жатса да енекем жатпайды. /Сиырдың мүйізі/.Төсек астында төрт бауырсақ . /Сиырдың желіні/.Төрт туысқан бір шұңқырға құяды. /Сиырдың емшегі/.Арқасы бар, аунамайды, Аузы бар, күйсемейді. /Сиыр мен ат/.Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. /Қой/.Төрт тағанды бойы бар, Момындық дұрыс ойы бар. Кербезденіп жүрмейді, Айналдырған тоны бар. /Қой/.Азанда кетер ләйлекен, Кеште келер ләйлекен. Түрлі-түрлі жібектен, Түймесі бар ілгектен. /Қой, ешкі/.Шапаным да, тоным да, Арқаның жүр жонында. Атам соның соңында, Таяғы бар қолында. /Қой, қойшы/.Ашылмаған сандықта, Пішілмеген құндыз бар. /Қозы/.Қайырып басын тастаған,  Қайқайып қойды бастаған. /Ешкі/.Асты пышақ, үсті істік, Өзіне лайықтап киім пішкен, Секіріп-секіріп түскен. /Ешкі/.Төрт аяғы бар, Басында екі таяғы бар, Иегінде екі сақалы бар. /Ешкі/.Сақалы бар, Санасы жоқ. /Ешкі/.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы