Жаман жолдас шығармасы негізгі ойы

Жаман жолдас шығармасы негізгі ойы
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Екi дос кiсi жолдастасып келе жатып, бiр аюға ұшырапты. Бұл екi кiсiнiң бiреуi әлсiз, ауру екен, екiншiсi мықты, жас жiгiт, аюды көрген соң бұл жiгiт ауру жолдасын тастап, өзi бiр үлкен ағаштың басына шығып кеттi дейдi. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрменi жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кiсi болды да жатты: есiтуi бар едi, аю өлген кiсiге тимейдi деп. Аю бұл жатқан кiсiнiң қасына келiп иiскелеп тұрды да, дыбысы бiлiнбеген соң тастап жөнiне кеттi. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсiп, аурудан сұрапты: – Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кеттi? Ауру айтты дейдi: – Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екiншi рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма дедi, – дейдi. Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/story/8647-altynsarin_dos.html © www.ZHARAR.com
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы