Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Матаның сапасы көбінесе талшықтардың құрамына байланысты. Матаның сапасына талшықтың ұзындығы , жуандығы(жіңішкелігі), мықтылығы, жұмсақтығы, иірілуі секілді қасиеттері әсер етеді. Ұзын және жіңішке талшықтан жіңішке, мықты, біркелкі жіп алады. Мұндай жіптен тоқылған мата да жұқа , берік, тегіс әрі жұмсақ болып келеді. Ирек талшықтар жақсы жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді.
Матаның құрамы талшықтардың құрылысына, жіптерінің айқасуына және сәндік ерекшелігіне (бояу) байланысты.
Матаның қасиеттері
Матаның негізгі құрамына физикалық-механикалық, гигиеналық және технологиялық қасиеттері кіреді. Бұл құрамдар бұйымның сәнін таңдағанда ,өңдеуде ескеріледі.
Физикалық-механикалық құрамына мықтылығы, қыртыстануы, төзімділігі жатады.
Матаның беріктігі талшықтың мықтылығына, жіптің иірілуі мен тоқылуына байланысты.
Матаның қыртыстануы талшықтың серпімділігіне, созылғыштығы мен жіптің иірілуіне байланысты.
Матаның гигиеналық құрамы ауа өткізгіштігімен, жылу сақтағыштығымен,ылғал мен шаң өткізгіштігімен ерекшеленеді. Мата қолдануына қарай тұрақты гигиеналық құрамдарға жауап беру керек. Мысалы,сырт киімге арналған маталардың әсіресе қыс мезгіліне жылу сақтағыш қасиеті жоғары болу керек. Іш киімдерге арналған маталар ауа мен ылғалды жақсы өткізеді.
Ылғал өткізгіштік –матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдау қабілеті.
Жылу сақтағыштық- адам денесінен бөлінген тұрақты жылуды сақтау.
Шаң өткізгіштік –матаның шаңды тез қабылдауы. Бұл қасиет көбінесе матаның оң бетінің тығыздығына байланысты. Егер матаның беті тегіс, тығыз болса, онда ол аз кірлейді. Неғұрлым бос,тесіктері көп болса, керісінше , кірлегіш келеді.
Матаның технологиялық құрамы тігін бұйымдарын дайындау кезінде байқалады. Ол матаның отыруы, тез сетінгіштігі, тігістерде жіптің ыдырауы және ылғалды-жылумен өңдеуде пішінінің өзгеруі арқылы білінеді.
Матаның отыруы (шууы) –ылғалды-жылу өңдеуде, жуған кезде матаның өлшемі кішірейеді.
Матаның сетінеуі мен жіптің ыдырауы- жіптің серпімділігі мен тегістігіне, жіптердің айқасуына байланысты. Мұндай қасиеттерді көбінесе денеге жабыстыра тігілетін киімдерде ескеру қажет.
ІҮ. Практикалық жұмыс. 1) Маталар қасиетін анықтау
Нұсқаулық карта таратылады. Қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі.
1. Мата үлгілерінің сыртқы көрінісінен қайсысының беті жылтыр, қайсысы күңгірт екенін анықтау
2. Әр үлгінің бетінің қаттылығы мен жұмсақтылығын анықтау
3. Әр матаны алақанмен 1-2 минуттай қысып тұрып, матаның қыртыстанғыштығын анықтау
4. Мата шеттерінен жіпті инемен суыртпақтап, матаның сетінеуін анықтау
5. Суыртпақтап алынған жіптердің үзілу нәтижесін байқап, мықтылығын анықтау
6. Су құйылған ыдысқа салып, матаның ылғалсорғыштығын анықтау
7. Алынған мәліметтерді кестеге толтыру
Маталар қасиеті
Не нашли ответ?
Похожие вопросы