Право

Перевидите на русский пожалуйста (без переводчика)ҚұмырсқаБір құмырсқа өз илеуіндегі тобынан бөлініп, ара, қоңыз сияқты жәндіктермен дос болыпты. Бірде тамақ іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алады. Жалғыз өзі көп әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмайды. Араға жолығып, көмек сұрайды.- Достым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмадым. Маған көмектесші, -деп өтінеді.- Көріп тұрсың ғой, мен де жұмыс істеп жатырмын,- деді ара.- Солайы солай ғой, мейлі. Құмырсқа әрі жүріп кетеді. Ол енді қоңызды кездестіреді. Құмырсқа енді қоңыздан көмек сұрайды.- Сен үшін өз еңбегімді еш қылмаймын,-деп қоңыз ұшып кетеді. Құмырсқа жаңа достарына қатты ренжіп үйіне қайтады. Жолда құмырсқа өзінің бұрынғы достарымен кездеседі.-Жалғыздық деген сол, -деп басқа құмырсқалар оны жұбатып, дәнін көтерісіп көмектеседі. Солай ол өз үйіріне қайта қосылды.