Право

переведите Мектепке асыққан Мейраш Жаз айы болатын. Бірде Жанар мен Мейраш ойнап, әңгімелесіп отырды да, тақырыптарын мектеп жайына әкеп тіреді. -Жанар, сен биыл қай сыныпқа барасың?-деді Мейраш сұраулы жүзбен. -Бесіншіге. -Оны неге сұрадың? -Айтшы, мектепте оқыған қызық па? -Әріне. -Онда маған мектеп туралы әңгімелеші. -Мектеп дегеніміз үлкен кеме. -Қайдағы кеме? -Кеме дегенде, мен теңеумен айтып отырмын. Білім-теңіз, тіпті түбі тереңэ шалқар мұхит деуге болады. Ал біз-оқушы балалар сол білім-теңізден оқып үйренеміз. Қазақ тілі, еңбекке баулу, табиғат тану, математика, тарих деген пәндер болады. Ол кітаптардан жан-жақты білім аламыз. Жер планетасы неге шар секілді? Күн мен түн қалайша алма-кезек ауысып тұрады?Қар мен жаңбыр неге жауады? О-ой, толып жатыр, оқығандарымыз. Мейраштың қызығушылығы артты. Ол мектепке баруға асықты.