Егеменді еркін ел шығарма өтінем жазып беріңдерші

Егеменді еркін ел шығарма өтінем жазып беріңдерші
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Міне, бүгін Қазақстан –егеменді еркін ел. Қазақстан-қазақ халқының Отаны, құтты мекені, мерекелі елі, мерейлі жері, мерейлі анасы, қасиетті ордасы. Тәуелсіздік таңының атқанына 20 жыл болды. Бірлігіміз жарасып, ынтымақты ел болдық. Тәуелсіз елімізге шет елдер қызыға қарайды. Бізді бақытқа жеткізген ата- бабаларымыздың, ел арыстандарының, аяулы ағаларымыздың жанқияр ерлігі. Сол бабаларымыздан қалған жерімізді көркейту біздің қолымызда. Біздің бақытымыз бүгінде сенімді қолда, халқымыздың сеніммен сайлап алған президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары сенім иесі. Біз-еркін елдің ұландарымыз. Біз ғылым мен білімді иегеріп, халқымыздың асыл қасиетін үйрене отырып, оның ғасырлар бойы сақтап келе жатқан салт- дәстүрін, тілін, дінін дамытуға міндеттіміз. Бірлік-басты ұранымыз болуы керек. «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап,»- деп жырлаған бақытты баласы мен боламын. Менің болашағым-Қазақстан. Қазақстанның болашағы- менмін!
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы