Эссе на тему 25 лет Независимости Казахастна, на казахском. СПАСИБО!

Эссе на тему 25 лет Независимости Казахастна, на казахском. СПАСИБО!
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Өтетін көрме, елдің өндірістік қуатына мықты серпін бере алады. Мұндай ауқымды және жауапкершілікті іс-шараны өткізуде біздің ел үшін пайдасы өте мол. Басқа елдермен достық қатынастар нығаюымен қатар, жоғарыда айтылғандай, елімізге инвесторлар алып келеді, еліміздің мәртебесін жоғарлатады.Бірақ, мен тағы бір сұраққа тоқталғым келеді. Бұл қазіргі кезде жас жанұялардың арасында ажырасудың көбеюі. “Жастар қандай мақсаттарды көздейді? Басты құндылықтары қандай? Үйде ата-анасынан алатын тәрбиелері, ақылы қандай?”деген сұрақтар мені мазалап отыр. “Үйлену оңай, үй болу қиын” деп қазақта бекер айтылмаған. Алайда, жанұя деген институтты одан ары қарай қалай сақтаймыз, қалай құнды қыламыз, қалай қадірлейміз? Осы сұрақтарға шешім табу керек деп ойлаймын. Уақыт жаңа техногиялық бағытта зымырап өзгеріп барады, бірақ ата-бабамыздан қалған құндылығымызды сақтап қалу керек. Мектептегі жоғарғы сыныпта оқушыларға жанұялық психология атты жаңа пән енгізу керек пе, әлде жанұямен жұмыс жасайтын орталықтар ашу керек пе, оны эксперттер жақсы біледі. Бірақ, бұл біздің қазіргі таңдағы баса назар аударатын өзекті мәселе деп есептеймін.«Бала тәрбиесі – бесіктен» дейді ғой, ол біздің балабақшадан басталады. Патриоттық тәртіп те жастайынан қалыптасады. Елімізде “Балапан” атты бағдарлама күні бүгінгіге дейін іске асырылуда, сол үшін Елбасымызға айтатын алғысым шексіз. Осы бағдарламаның көмегімен елде 4 мыңнан астам балабақша ашылды деген мәліметтер бар, өз көзіммен көрген Алматы облысының, Талғар ауданына қарасты, Тұздыбастау ауылында 10-нан астам балабақша және бала орталықтары іске косылды. Өзіміз де осы саланы меңгеріп келеміз. Бірақ, балабақша ашумен ғана шектелмей, осы бағытта жаңа әдістемелер, тәсілдер арқылы балаларға тәлім-тәрбие беруді тоқтатпау керек.Қорыта келгенде, 25 жыл ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз. Елбасымыздың 90-шы жылдарда анықтаған стратегиясының арқасында біздің еліміз осындай аз уақыт ішінде құрметке ие, жетістіктерін танитын, сөзіне құлақ салатын мемлекетке айналып отыр. Елбасымыздың осы қиын жолда сіңірген еңбегі зор, баға жетпес.Меніңше, екі алып мемлекеттің арасында осындай халге жетуіміз Құдайдың бізге берген сыйы, мейірімі, аманаты деп есептеймін. Біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихын ерекше қадірлеп, сақтауымыз керек. Келешек ұрпаққа да ақылын айтып, жеткізсек, біз де алып, мықты мемлекет бола аламыз.Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Әрине, ең бастысы, жеріміздегі ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз.Негізгі бөлімде айтылмаған жетістіктер өте көп, бірақ спортқа келетін болсақ, ол еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірліктің нәтижесі. Сыртқы және ішкі саясатты жүргізіп отырған азаматтарымыздың еңбегі де өте зор.Біздің ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдеді. Абайдың 150 жылдығын “ЮНЕСКО” шеңберінде тойлады. “Біріккен Ұлттар Ұйымы” шеңберінде 2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында 24 мемлекет басшысын біріктіріп, кеңес өткізді. “Шанхай ынтымақтастық ұйымын” құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Алдымызда, 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме “ЭКСПО-2017”. Осының бәрін бағалауымыз керек.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы