Əйтеке бидің шешендік сөздері керек хееелп)

Əйтеке бидің шешендік сөздері керек хееелп)
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Сарқылмайтын суат жоқ,  Тартылмайтын бұлақ жоқ.  Құйрығы суда тұрса да,  Уақтысы жеткенде,  Қурамайтын құрақ жоқ.  Дүние деген пәни бұл,  Баласы жоқта мият жоқ,  Бәрінен қиын сол екен,  Артыңда жанған шырақ жоқ...   **           **          ** Жігіттің жақсысы:  Дұрыс сөзге тоқтай білген,  Басқаны сөзіне тоқтата білген.    **           **          ** Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;  Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.  Бай болып пайдаң тимесе,  Батыр болып найзаң тимесе,  Жұрттан алабөтен үйің күйсін!    **           **          ** Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады,  Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.   **           **          ** Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.  Ашу деген - ағын су,  Алдын ашсаң, арқырар.  Ақыл деген - дария,  Алдын тоссаң, тоқырар.  Кісі бірге туыспау керек,  Туысқан соң сөз қуыспау керек.  Сөз қуған пәлеге жолығады.  Жол қуған олжаға жолығады.    **           **          ** Асқар тау сенде бір мін бар-  Асу бермейсің;  Тасқын су, сенде бір мін бар-  өткел бермейсің; Билер, сендерде бір мін бар-  Басқаға сөз бермейсің!   **           **          ** Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. Алтын ұяң - Отан қымбат,  Құт береке – атаң қымбат,  Асқар тауың - әкең қымбат,  Мейірімді – анаң қымбат,  Туып өскен елің қымбат.    **           **          **  Екі адам керіссе, оның, арты - қызыл шоқ.   Біз - үш жүз көріспейік, келісейік.   Ал керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей –   Хандық түгіл ондық та жоқ.   Мен - 29 рудан құралған Кіші жүзбін,   Әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін!   Керісер болсаң,   Осы үшеуі маған - жайсыз, сендерге - жоқ!  
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы