Ответ(ы) на вопрос:
Гость
қаражидек туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Көкшетауда, Алтайда аралас орманда, қылқан жапырақтыағаштардың арасында өседі. Биіктігі 2,5 – 25 см. Сопақша келген, етженді мәңгі жасыл жапырақтарының ұзындығы 5 – 27 мм, ені 3 – 12 мм. Гүлі солғын қызғылт, шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Ашық түсті қызыл жемісі жеуге жарамды келеді. Итбүлдірген. жемісінің құрамында 8 – 12% қант және органикалық қышқылдар, глюкозидтер, вакцилин, т.б. заттар бар. Жемісі жақсы сақталады, тосап, маринад дайындалады, кондитер өнеркәсібінде пайдаланады. Жапырағында 5 – 7% арбутин, глюкозид, флавонол, илік заттар болады. Жапырақтарын суға қайнатып, ревматизмге қарсы және несеп айдауға қолданады. Гүлінен ара бал жинайды.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы