Картоп сочинение на казахском языке

Картоп сочинение на казахском языке
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Картоп, картофель (немісше Kartoffel), түйнекті алқа, ақтүйнек — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.150-ге жуық түрі белгілі.Отаны – Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары.Бір жылдық дақылдық негізінен, 2 жақын түрге бөлінеді.Анд картобы (andіgenum) Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі.Чили (Еуропа) Картобы (tuberosum) климаты қолайлы елдерде өседі.Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі.Жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнектүзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл.Биіктігі 40 – 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді. Бір түпте 3 – 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Топырақ температурасы 5 – 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 – 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал –1 – 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 – 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. К. түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 – 2% ақуыз, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, В1, В2, В6, РР, К витаминдері бар. Қазақстанда картоптың 20-дан астам сорттары аудандастырылған (оның ішінде 10-ы жергілікті селекциядан шыққан), 1 га-дан орта есеппен 100 – 200 ц өнім түседі. К. тағам, мал азығы және өнеркәсіпте тех. шикізат ретінде пайдаланылады.Оңтүстік Америкадан еуропаға 1565  жылы әкелінген. Ең алғаш Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картопты насихаттау үшін оның гүлін шанына қыстырған екен. Бұл сәндік король сарайы қызметкерлерінің барлығына лезде мода болып, кеңінен тараған. Осыдан кейін Францияда картоп өсіру қолға алынады. Тіпті король ХVІ Людовик картопты кеңірек наихаттау мақсатында қала маңындағы өз бақшасына тек қана картоп отырғызып, оны күзетуді бұйырды. Бір қызығы: картоп ұрлаушыларды тек қана айыптап, «ұрыларды ұстамауға» міндеттейді. Бұл әрекет картоптың сол елде кең таралуына қолайлы жағдай туғызған. Картоптың отаны Чили болып саналады. 1560 жылдары Испанияға әкелінген картоп кейін Еуропа мен Азияға таралады. Ал Ресейге ол І Пертдің ұсынуы бойынша 1765жылы әкелінген. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы