Коктем мезгилине катысты казак халкынын ырымдарын жазу
Коктем мезгилине катысты казак халкынын ырымдарын жазу
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Көктемгі ырымдар (көктемге):- Егерде қайыңнан аққан сөлдің мөлшері көп болса – онда жаз жаңбырлы болады.- Құстар ұясын күнгей жаққа салса – жаз салқын болады.- Көктемгі құстар үлкен топпен ұшып келсе - ол көңілді көктемнің белгісі.- Бөзторғай ұшып келгеннен кейін аяз болмайды.- Егер көкек қураған ағашта отырып сайраса – аяз болады.- Ерте көктемде торғайлардың шомылуы – ауа-райының жылынуының белгісі.- Адамдар үйінің маңына көкқұтан қаптаса – көктем суық болады.- Егерде наурыз айында тоқылдақ көрінсе, көктемнің келуі созылады.- Қарлығаштың ойнақтап ұшуы – жылы күннің белгісі.- Қарлығаш жербауырлап ұшса – жаңбыр жауады деп біліңіз.- Қараторғайды көрсеңіз – көктем жақын деңіз.- Тырналар келді – мұз мұрты ойылар.- Қардың еруі құмырсқа илеуінің оңтүстік жағынан басталса – онда жаз салқын және қысқа болады. Ал егер солтүстік жағынан бастап ерісе – жылы болады.- Наурыз құрғақ, сәуір ылғал, мамыр салқын – болар онда мол бидай, биік қарқын.- Ерте көктемде найзағай жарқырағанымен күркірегені естілмесе – жаз құрғақ болмақ.- Егер ұшырмадан салбыраған мұз ұзын болса, көктем де созылады.- Бірінші найзағай болған кезде оңтүстіктен жел соғып тұрса – көктем жылы, батыстан болса – жаңбырлы, солтүстүктен ессе – суық, шығыстан келсе – жылы және құрғақ болады, деген ырымдар бар екен. ***Наурыз ырымдары- Наурыз қалай болса, көктем де солай.- Ерете көктемдегі найзағай – аяздың алдын білдіреді.- Көктемгі қардың беті бұжыр болса – бидайдың бітік шығатынын, қардың беті тегіс болса бидай нашар шығатынын білдіреді.- Теректің түбіндегі қардың еруі дөңгелек тәрізді болып, жиектері қалың болса – көк тез шығады, ал жиегі жайылыңқы болса – көктем созылып, көк жәй шығады. - Жылқышы құсы ұшып келсе 12 күнен кейін өзен еркін ағатын болады.- Терек бүршік атып, сырғаланса, жер жылыды деген сөз. Ерте егілетін көк-сөкті отырғыза беруге болады. - Жаңбыр өтсе саңырауқұлақтар қаулып шығады.- Наурыздың қары (жаңбыры) жарты тыңайтқышпен тең. - 14 наурызда Құралай құлпырса – бүкіл жаз жайнайды. Қалың қар ери бастайды. Ырым бойынша сол күні қар немесе жаңбыр жауса – жаз жаңбырлы болады, керісінше күн шығып тұрса құрғақ, жеңіл жаз болатынын білдіреді.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы