Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Әр адамның әр түрлi хоббиы (сүйiктi iсi) болады. Бiреулер кiтап, газет - журнал жинағанды хобби қылса, бiреулер әр түрлi стилдегi киiмдер,етiктер жинайды. Тағы бiреулердiң хоббиы шығарма жазу, өлең шығару, ақын жазушылардың шығармаларын жинау, оны сақтау болуы мүмкiн. Хобби көбiне табиғилықтан болады. Мысалы ұнатпайтын iсiңдi хобби қылып алу мүмкiн емес, тек жүректегi қалауыңмен, қызығушылығыңмен хоббиыңды таңдайсың. Бiрнеше хоббиы бар және ешқандай хоббиы жоқ адамдар да болады. Менiң хоббиым шахмат ойнау, заңға қатысты кiтаптар жинау, өлең-мақала жазу, виртуалдық әлемдегi қоғаммен араласу, "мирiме" Қазақстандықтарды жинау. Баршаңызға өз хоббиларыңызды табуға тiлектеспiн!
Не нашли ответ?
Похожие вопросы