Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Теледидардың дамуы радионың жетілуі секілді қайғылы әрі абыл-сабыл түрде болмады. Оның енуіне барлық қажетті алғышарттар: бұқаралық басылым, сымсыз байланыс пен радио дайын еді, керегі тек технологияны жетілдіру ғана болды, алайда ол да көп күттірмеді. Теледидар радио секілді жарнамаға қатты мұқтаж болмады, сондықтан қаржыландыру мәселесі оңай әрі жылдам шешілді. Теледидардың мемлекетпен, қоғаммен, көрермендермен байланысы, авторлық құқық мәселесі және т.б. радио және басқа да ақпарат құралдарымен салыстырғанда оңай шешіліп отырды, мұның өзі радио мен басқа да БАҚ-на қарағанда теледидардың қарқынды дамуына жақсы әсер етті. Радиотаралымға қарағанда теледидардың таратылу мәселесі тез жолға қойылды.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы