Напишите пожалуйста рассказ сразу на кахском на тему моё увлечение ну смысли моё хобби
Напишите пожалуйста рассказ сразу на кахском на тему моё увлечение ну смысли моё хобби
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Әркімнің өзіндік ерекше қабілеті бар, әркімнің қайталанбас өзіне тән қызығушылығы бар. Арамызда сан мыңдаған коллекционерлер де жүр. Өз хобби болған марка жинаушылар, бөтелкелер немесе монета жинаушылар, керек десеңіз әр түрлі сүйек жинаушылар да табылады.Мен де сол көп қатарлы коллекция жинаймын. Менің хоббиім «Әлем банкноттары»!!! Қазірдің өзіде жиған тергенім біраз дүние болып қалды. Ең көне қағаз ақшам 1961 жылы шығарылған болса, ең ерекшесі 1988 жылы Полшада шығарылған қағаз ақша.Қағаз ақшалар туралы мағлұматтар да өте қызықты. Мүмкін оқып шығып сізде оған деген махаббатыңыз артып, ерекше ақша үлгілер топтауға ниет етерсіз. Ал енді қызық дүниелеріммен бөлісейін: 1. Әлемде халықаралық валюта қорында тек 4 түрлі валюта: АҚШ доллары, еуро, иена, юань ғана қолданылады.2. Жер бетіндегі ең көне ақша ол – британдық фут-стерлинг. Осындай атаумен сонау 1066 жылдары күміс монеталар шығарыла бастаған екен.3. Ең жас валюта – еуро. Еуро айналымға 2002 жылы енгізілген.4. Тек коллекционерлер жинайтын валюталар да шығарылады. Бұлар көбіне жеке мемлекет ретінде мойындалмаған елдердің ақшалары. Олардың қатарында Скудо, Драм секілді ақшалар бар.5. Көптеген елдерде ұлттық валюта суретін қолдануға шек қойылған, олар авторлық құқықпен қорғалады. Мәселен, Ұлыбритания валютасының суреттерін ақша белгісінің шығарылғанына 50 жыл толғанда ғана қолдануға болады.6. 2009 жылы Зимбабве Орталық Банкінің төрағасы Гидеон Гоно математика саласында «Шнобель» сыйлығын алған. Ол бұл сыйлыққа 1 центтен 100 триллион долларға дейінгі банкнот шығарғаны үшін ие болды. Осылай ол халыққа триллионға дейін санауды «үйретті».7. Қағаз ақшаны ең бірінші қолданысқа енгізген ел – Қытай.8. Әлемде екі жүзге жуық валюта түрі бар.9. Жер бетіндегі ең қымбат ақша – Кувейт динары.10. Әлемдегі ең құнсыз валюта Зимбабве елінің доллоры.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы