Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Орман қорғау– орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орманшының жұмысына техникалық орман қорғау инженері басшылық етеді, бақылайды. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу, ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың, малшылардың, т.б. орман қорын сақтау ережелерін орындауы қадағаланады. Зиянды жәндіктер мен жануарлардың, өсімдік ауруларының пайда болуы бақыланып, қажет жағдайда тиісті мекемелерге тез хабарланады, күрес шаралары ұйымдастырылады. Орманда аң аулау, оның маусымдық ережелерін сақтау бақыланады.Орман қорғау ісінде, орман шаруашалығында радиостанция, телефон болуы керек, өрт-химия станциялары құрылып, өрт сөндіру топтары ұйымдастырылады. Орман ұшақ, тікұшақтармен барланады. Қазақстанда орман қорғау жұмысымен Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты, орман шаруашылығы мекемелері, т.б. айналысады. [1]
Не нашли ответ?
Похожие вопросы