Ответ(ы) на вопрос:
Гость
1)Қара өлең - қазақтың ежелгі өлең түрі.
Қара өлең әнге салып айтуға ыңғайлы. Әннің ырғақ ерекшеліктеріне қарай өлең жолдарындағы бунақтар орнын ауыстырып отырады. Әр шумақта жеке ой жатады. Мұндай ой жеңіл әзіл-оспақтан бастап, өмірдің мәні мен сәнін, ел қамы мен халық тағдырын қамтиды. Өлеңнің алғашқы екі жолындағы ой соңғы жолдардағы негізгі ойға қызмет етеді. Қара өлең көне заманнан бастау алып, тереңге тамыр байлаған. Оның үлгілері "Оғызнамада" (9 ғ.), Ж.Баласағұнидің "Құтадғу білігінде" (11 ғ.), М.Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түркінде" (11 ғ.), А.Иүгінекидің "Ақиқат сыйында" (12 ғ.) кездеседі.
Сипаты жағынан орыстың "частушкасына", тәжіктін "ашуласына", латыштың "дайнасына", шығыс халықтарының "бәйіті" мен "ғазалына", өзбектің "қошығына" ұқсас. Қазіргі қазақ поэзиясында қара өлең үлгісі кең тараған.
2)Аңыз . Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар мол саласы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді мекен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. Әуезов аңыз жанры жайында Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» аттымонографиясында, 1957 ж. шыққан «Қазақ КСР тарихының» 1-томында жарияланған«Қазақтың ауыз әдебиеті» атты көлемді еңбегінде жан-жақты айтқан. Алғашқы еңбектің «Аңыз ертегілері» деген тарауында: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол - барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығарған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық творчествосының ерекше бір саласын құрайды» деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Монографияда эпос пен аңыздың негізгі ерекшелігі - соңғысының қара сөзбен баяндалатындығы эпостағыдай кейіпкерді тарихи прототипінен көп алшақтатпайтындығы, циклды боп келуі дейді. Қазақ аңыздарын Қорқыт, Асан Қайғы, Аддар Көсе сияқты тарихи адамдар туралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте Қорқыт, Асан Қайғы, Алдар Көсе, Жиренше, Күй аңызы деп жеке тарауларға бөліп те талданған. «Қазақтың ауыз әдебиеті» мақаласында аңыз жанрын ертегілермен бірге алып қарастырған. Алғашқы еңбекке қарағанда, көлемі шағын болғандықтан, ауыз әдебиеті жанрларын айқын ажыратып жіктемеген. Ертегі мен аңыздардың түп-төркіні халықтың арман-қиялы екенін негізге ала отырып, екі жанрға қатар талдау жүргізген. Әйтсе де «Бергі кезде Жамбыл жазған «Өтеген батыр» поэмасының сюжеті Асан Қайғы жайындағы аңызға тығыз байланысты» деп, ертегі мен аңыздың айырмашылығын айырып айтқан.
3)Күпі— матамен тыстал, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып тігетін ұлттық сырт киім. Күпі әрі жеңіл, әрі жылы болғандықтан, оны ерлер де, әйелдер де, балалар да кие берген. Әйелдер күпісілің жағасы кестеленіп, жеңіне құндызсалынып сәндеп тігілетін. Ол әсіресе жазғытұрғы және күзгі қара суықта киюге қолайлы. Күпіге тартатын жүнді жылы суға жуып келтіреді де, бетіне бидайшүберек салып көктейді.
Күнінің тысына барқыт, мәуіті сияқты әрі мықты, әрі қалың, әрі кір көтеретін бір түсті мата пайдаланылады. Шапан сияқты күпінің де екі өңірі, артқы бойы, екі жеңі және жағасы болады. Күпілің ең алдымен тысын пішіп алады да, оған жүнді салып, бидай шүберекпен бірге көктеп тігеді. Күйінің тысын машинамен не қолмен, ал арасына салған жүнін бидай шүберек жағына келтіріп, жіңішке шуда жіппен не жуан мақта жіппен тігеді. Одан соң оның тысын кигізіп астары мен тысын қосып айналдыра бір тігіс жүргізеді. Күпіге көбінесе матадай қайырма жаға не тік жаға салынады.
4)Шекпен
Шекпен — жүннен тоқылатын сырт киім. Шекпен тек қана түйе жүнінен тоқылады. Күзеп алынған түйе жүнін шаң-тозаңынан арылтып, одан соң қолмен майдалан түтеді де, шүйке жасайды. Шүйкеленген жүнді ұршықпен иіреді. Шекпен тоқитынжіп өте жіңішке болады. Иірілген жіпті екі ағаштың арасынан ыспалап өткізіп, оның буылтықтарын кетіріп қайта өңдейді. Шекпен де терме бау тоқитын өрмекпен тоқылады. Тоқылып болған кездемені кәдімгі матадан киім пішкендей етіп өлшеп, шекпен пішеді. Шекпенді жазда киеді. Оған қара барқыттан не болмаса басқа тыстық матадан қаптал жаға (дөңгелек жалпақ жаға) салып, етек жеңін сондай матамен көмкеріп әдіптейді.Шекпеннің ең әдемі түрін «Шидем шекпен» дейді. Шидем шекпен тайлақтың жүнінен тоқыл ады. Тайақтың жүні әрі майда, әрі жеңіл болатындықтан, одан тоқырай шекпен де әдемі болып шығады. Шекпен су өткізбейді. Сондықтан ол әрі сулық, әрі жайшылықта кие беруге жарамды бес аспап киім. Су тиген сайын шекпен ширығын қалындай түседі. Шекпепнің тағы бір артықшылығы ол таза түйежүнінен тоқылатындықтан аса мықты болады, ұзақ киіледі.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы