Переведите пожалуйста текст!!!! Срочно!!! — Арман деген не? — депті қарт. — Ата, арман деген қиял, — депті жігіт. — Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дей...
Переведите пожалуйста текст!!!! Срочно!!!
— Арман деген не? — депті қарт. — Ата, арман деген қиял, — депті жігіт. — Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала — өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді, қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді — депті қарт.
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Мақсаты:Арман туралы түсінік беру;Дұрыс, жақсы нәрселерді армандауға бағыттау;Арманға жету жолдарын анықтау;Жалпы психологиялық демалыс;Жағымды күйге келу: «Нұрға бөлену»
Арман деген не?
Жігітке:
— Арман деген не? — депті қарт.
— Ата, арман деген қиял, — депті жігіт.
— Жоқ, балам, арман дегеніміз — ақыл-ойдың- шыңы. Құс — ұшсам дейді, бала —өссем дейді, қыз — көpiктi болсам дейді, жігіт — бақытты болсам дейді, қарт — жүзге жетсем дейді, ақылды — дана болсам дейді, ұстаз — шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмай кетеді. Ақымақтың арманы болмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді — депті қарт«Сөлемді аяқтаңыз» жаттығуыБала кезімде мен………Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыздар ма?Арман - психологияда адамның келешекке бағытталған қиялы. Жетсем деген мақсат, мұратын, орындалу барысын ойша елестетуі, көксеуі. Арман пайдалы іске жетекші болып алға, биікке талпындырғанда ғана қызықты, мәнді , жемісті болмақ.Біздің осы уақыттағы бар болмысымыз – бұл біздің ойларымыздың жемісі. /Будда/
Жер бетіндегі барлық нәрсе, бір кездері арман болған./К.Сендберг/Арман — жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ Л.Н.ТолстойАрмандай білуге бейімділікте де ұлы даналық барАнатоль ФрансАрмандайықАлдымен өзімізді еркін ұстап, көзімізді жұмайық. Екі қолыңызды, аяқтарыңызды, денені еркін жіберуге тырысыңыздар. Ары қарай өзіңізді 10 жылдан кейін қалай көресіз, соны елестетуге тырысыңыз.Көз алдыңызға елестете алдыңыз ба?Қандай сезімде болдыңыз ?
«Арман» тестіБұл тест сіздің арманыңызға қаншалықты ұмтылытыныңызды анықтайды.Сіздің арманыңыз.....а) иығымда ауыр жүк сияқты болып тұр. б) маған сенімділік, жеңіл серпіліс береді...2. Арманыңыз....а) бойымдағы бар қуатымды тартып алып жатқандай.б) қүш беріп, келесі жаңа бастамаларға итермелейді.3. Арманыңыз....а) ол туралы ойласаңыз, көзіңізге ұйқы үйріледі.б) түнде де есіме түсіп, шарқ ұрып, маза бермейді.4. Арманыңыз.....а) жақсы қасиеттеріңді пайдалануға кедергі болып жүр.б) жайлы орныңызда қозғалуға мүмкіндік береді.5. Арманыңыз........а) өзіңізді таяқтап орындалатындайб) қуанышпен орындалатындай6. Арманыңыз........а) өзге адамдарға қуаныш әкеледіб) керісінше өзіме қуаныш сыйлайды7.Арманыңыз.....а) көптеген критерилер бойынша сізге сәйкес келмей жатадыб) армандарыңыз өзіңізге арналғандай“Чемодан” жаттығуыАрмандарымыз орындалуы үшін бізге бір орында отыруға болмайды, керісінше біз алға жылжуымыз қажет. Жол сөмкемізге бізге арманымызға жетуімізге көмектесетін қасиеттерді жинап, кедергі болатын теріс қылықтарды тастап кеткеніміз жөн.“Менің бейнем” жаттығуыҚазір әркім өзіне көзқарасын айқындайтын уақыт келген сияқты. Алдарыңыздағы айнаға қарап,бейтаныс адамның бет жүзін көргендей, соған назарын аударып,өзін басқаша қабылдауға тырысу керек.Сол адамда сіз көз тартатындай не көрдіңіз?Оны не үшін сүюге болады?
Адам өмірі – түрлі таңдау жасалатын кезеңге толы. Әсіресе адамның болашағына әсер ететін таңдаулар.Бірақ сол таңдаулар арасында ең маңызды таңдаулардың бірі – адамның мамандық таңдауы болып табылады.Өмір бізге таңдаулардың, мүмкіндіктердің неше түрлерін ұсынады.
Өмір бізге таңдаулардың, мүмкіндіктердің неше түрлерін ұсынады!Олай болса жас дос сіз өзіңізді қай мамандықта көресіз?Ғалым – социологтардың зерттеуі бойынша жастардың шамамен 40 ℅ мамандық таңдауда қателеседі екен, яғни өзінің қабілетіне, ішкі мүмкіндіктерін ескермей таңдау жасай береді. Ал оның соңы түңілуге, тіпті психикалық ауытқуларға да әкелуі мүмкін.
“Сиқырлы көзілдірік” ойыныБалалар, қазір мен сендерді “Сиқырлы көзілдірік” ойынын ойнауға шақырамын. Бізде сиқырлы көзілдірік бар, ол досыңның ең жақсы қасиетін және қай мамандық иесі ретіндекөруге көмектеседі. Міне, ол, қараңдаршы. Мен бірінші болып киіп көрейінші.
«Екі қасқыр» туралы аңыз«Ресторан» жаттығуыТойдыңыз ба?Мен тағы да мынаны жегім келеді?Барлығынан маған ұнағаны..Мен сіңірген болдым...Бұл ресторан....Мен көп ішіп қойдым....Мархабат, тағы да қосыңызшы..
Гость
Что такое сон? - Сказал пожилой. Родители парня и попросили его мечтать о воображении. - Нет, сын мой, это мечта - ум oydıñ- пик. Летящая птица говорит, что ребенок идет, она говорит köpikti Я счастливый человек, сказал он, пожилые люди достигли сто, сказал он, умный мудрый я сказал, учитель сказал, что я пример его учеников. Не удалось достичь в заблуждение сон, моя мечта. Не глупая мечта. Умный, глупый сон, что жизнь будет разочарован - сказал пожилой.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы