Перевод текста бир уыс макта ставлю 69 балов

Перевод текста бир уыс макта ставлю 69 балов
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты: - Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады: - Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп. Шешесі: - Балам, сол да жерде қалмайды,- деді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен: - Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады. Әжесі айтты: - Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді. Вот это?
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы