Помогите срочно как написать сочинение на тему мой родной язык (казахский)
Помогите срочно как написать сочинение на тему мой родной язык (казахский)
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Туған тілім тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Тілім өссе, мен де бірге өсемін, Тілім өшсе, мен де бірге өшемін. Расымен де, ана тілі-адамзат жаралғалы бері оның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі болып келеді. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, ата-баба мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын асыл қазына. Туған тілін мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- кез келген ұлт өкілінің қасиетті парызы. Жүз отыздан астам ұлт өкілі бір шаңырақтың астында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тату-тәтті өмір сүріп жатқан қазақ елінде бүгін айтулы мереке. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында «21 ақпан – Халықаралық ана тілі күні» ретінде белгіленген. Ал біздің елімізде «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні» болып ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен бекітіліп, 1998 жылғы 22 қыркүйек күні бірінші рет ресми түрде аталып өтті. Осылайша, тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар жаңа атаулы күн пайда болды. Бұл – Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдерінің тіл мерекесі. Еліміз егемендігін алғалы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған ана тіліміз – қазақ тілі уақыт өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы