Пожалуйста напишите сочинение на казахском языке Анам ергілі (заслуги мате ри)

Пожалуйста напишите сочинение на казахском языке Анам ергілі (заслуги мате ри)
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
“Ана” үш әріптен құралған киелі де қастерлі сөз. Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді. “Алып анадан туады , ат биеден туады” демекші біздің елбасымыз да, елге белгілі әншілеріміз де, жұдырығы балғадай палуандарымыз да, қайтпас қайсар спортшыларымыз да анадан жаралған. Бұл айтылған тұлғалардың барлығы дерлік қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген аналарының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Аналарының қолдау болмағанда олар бұндай болар ма еді? Ана алдындағы борыш анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда өтелмес деген осы.
Гость
Ананың ерлігі Ана - әр азамат үшін құрметті адам. Ананың ерлігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, туылғанда түн ұйқысын төрт бөліп, тамақтандырып ұйықтатудың өзі ерлік. Өскен сайын, жақсыға тәрбиелеп, жамандықтан сақтап жүретін жалғыз адам. Сенің әр басқан қадамына қуанып, жеңістеріне тамаса қарап, мадақтап отырады. Баласының қателігін түзеп отыратын да ана. Сенен бәрі сырт айналып кетсе де, тек анаң жаныңда демеу беріп, ешқашан сені ұмытпайды. "Ананың ойы балада, баланың ойы далада" деген мақалмен қорыта келе, азаматтардың аналарын сыйлап, әрқашан жанынан табылып, көмек көрсетіп, ананың сүтін ақтай білуі қажет.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы