Реферат на казахском языке на тему в поликлинике 5 класс
Реферат на казахском языке на тему в поликлинике 5 класс
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Поликлиника (грек. klіnіke – емдеу; klіne – төсек) – науқас адамдарды емдеумен қатар педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары бірге жүргізілетін емдік-профилактикалық мекеме. Алғашқы Клиника 1728 ж. Страсбург қ-нда (Франция) ашылған. Мұнда дәрігерлер теориялық және Клиникалық дайындықтан өтетін болған. Клиника белгілі бір бағытта жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу институты жанынан ашылады. Ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық оқу орындары, дәрігерлер білімін жетілдіру институттары көп жағдайда ірі қалалық (облысы, аймақтық, респ.) ауруханаларда орналасады да, онда емдеу, педогогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары қатар жүргізіледі. Егер аурухана педогогикалық дәріс беру орны мақсатында және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін орын ретінде пайдаланылса, онда оған “клиникалық аурухана” деген мәртебе беріледі. Дәрігерлер даярлау мақсатына сәйкес Клиникалар және клиникалық ауруханалар науқас адамдарды сырқат түріне қарай іріктеп, соған сәйкес емдеу жүргізеді. Клиникалық кафедра (бөлім,лаборатория) басшылары ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық ете отырып, ұжымдағы аспиранттар, клиникалық ординаторлар және ғылыми қызметкерлердің қатысуымен бөлімдер мен лабораториялардың емдеу-диагностикалық қызметінің деңгейі мен сапасына жауап береді. Қазақстанда алғашқы Клиника 1925 ж. Қызылорда қ-нда Өлкелік санитариялық-бактериологиялық институт (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) жанынан ашылды. Кейін республикада медициналық жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен емдеу мекемелері көбейе түсті, осыған орай Поликлиника саны да артты
Не нашли ответ?
Похожие вопросы