Ответ(ы) на вопрос:
Гость
29.04.2013, 11:26Бесік той бала қырқынан шыққасын жасалынады. Ал бүгіндері бұл мереке бала қырқынан шыққан күні де өткізіліп жүр. Бесік тойға нәрестенің өз жұрты, нағашы жұрты, алыс-жақын ағайындары, көрші-қолаң, етжақын достар жиналады. Қонақтар өздерінің шамасына қарай сыйлық, пұл және тойдың шашуы ретінде тәтті-тұрым ала келеді. Үлкен кісілер той дастарқанына отырмас бұрын ақ батасын береді.Жас нәрестенің қуанышына жайылған дастарқанға ішімдік қойылмайды. Әркім шын көңілімен ақтарыла ізгі тілектерін арнайды. Ән мен жырға кезек беріліп, түрлі ойындар ойналады. «Тойбастар» айтылады. Үлкендер ұлағатты әңгімелер тізгінін ағытады. Қарт әжелер бала тәрбиесіне, күтіміне байланысты ақыл-кеңестер айтады. Мәселен, нәрестені қандай суда қанша рет шомылдыру керек, қандай маймен қалай сылау керек сияқты сауалдардың жауабын айта отырса оның пайдасы, әрине зор болмақ.Ас ішіліп болған соң, баланы бесікке бөлеу рәсімі орындалады. Біріншіден бесікті адыраспанмен аластайды. Бұл рәсім кезінде діни ұғымға байланысты бесік пәле-жаладан, жын-шайтаннан тазартылады деген ойдан туған. Екіншіден, ол гигиеналық тұрғыдан да пайдасы бар. Адыраспан түтіні түрлі вирустық аурулар туғызатын микробтарды жояды.Нәрестені бесіккке бала өсірген тәжірибелі келіншек, немесе көпбалалы аналардың бірі салады. Қазақ өзінің жақсылығын қашанда ізгі ниетті адамның жақсылығымен жұғысты болсын деп тілейді.Сонымен, бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын өзіне ыңғайлы етіп дайындап алғасын, келген қонақтарды шақырып отырғызады. Шашуға әзірленген құрт, май, кәмпит, ежігей, бауырсақ, қант, күміс ақшаны уыстап бесіктің түбегінен төмен шығарып тастағанда әйелдер қауымы қолын тоса қалып, содан алуға тырысады. Шашу үлестірілген соң бесікті отпен аластауда:Бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса, одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа,
Ойнақтаған лақтан қорықпа,
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
Тулаған тайдан,
Қуалаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол,
Түлкінің баласындай күлкілі бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын! деген сияқты сөздер айтылады.Содан соң бесіктің арқалығына бірнеше жерден темірмен қарып белгі салады. Әжелер қырандай көреген болсын деп бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын байлайды, жын-шайтаннан, көзден сақтасын деп тұмар жаздыртып тағады. Сұлу болсын деп басына айна, тарақ жастайды. Баланы бесікке бөлегесін даусы жақсы бір келіншек бесік жырын баяу дауыспен айтса, тіптен жарасымды. Тойды ұзаққа созбаған жөн. Жас нәрестеге көпшіліктің назарын көп аудартпаған дұрыс. Той соңында үлкендер батасын беріп, тойдан сарқыттарын алып үйлеріне тарасады. Бесікке бөлеген әйелдерге білезік, сақина, жүзік үлестіріледі. Ал бесікке салған кісіге бір көйлектік мата беріледі.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы