Шығарма Ыбырай-былалар әдебиетінің атасын 2 бет ? ренжимесениздер комектесинши
Шығарма Ыбырай-былалар әдебиетінің атасын 2 бет ?
ренжимесениздер комектесинши
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп те таниды. Ыбырай - қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған адам. Алтынсарин ұлттың бала тәрәбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына асқан үмітпен қарады. Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының әрбір ауыл мектептерінде болуын қалады және соған қол жеткізе алды. Нартырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан.
Қазақтың ұлы ағартушы педагогы мектеп ашқаннан кейін, оқытуға қажетті оқу құралдарының қажет боларын да назарға алған. Сол себепті Ы. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап ''Оқу құралын'' жазады. Одан бөлек ол әдістемелік мәні бар ''Семья мен мектеп'', ''Халық мектебі'' журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның техникалық жинағын физика, химия кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жинаған.
Ақын өзінің белгілі өлеңінде:
Бір Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!-
деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Кейіннен жазылған "Қазақ хрестоматиясында" сөз басы ретінде осы өлеңнің басты төрт жолы берілген еді. Қазақ әдебиетінде бұған дейін оқу-білім өнерге бірыңғай шақыратын мұндай жырлардың жоқтығын ескерсек, осы ''Кел, балалар, оқылық'' өлеңінің мән-маңызы атты өлеңін бастан-аяқ тың мазмұнды, жаңа сипатты шығарма дей аламыз.
Тек ақынның поэзиясы ғана емес, оның жазған шағын әңгімелерінің де әдебиетте ойып орын алғанын айта кеткеніміз жөн. Себебі оның дәуіріне дейін балалар әдебиеті ретінде танылған бірде-бір еңбек болмаған. Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып, сол хрестоматиясына енгізеді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмашылдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділік пен білімді еркін игеруге шақырды.
Ыбырайдың жазған әңгімелерінің бір ерекшелігі қазақ халқының тұрмыстық өмірін мысал ете алып, келесі буын ұрпақтың өсіп өркендеуіне қажетті үлес қоса білген. Ыбырай әңгімелерінің негізгі мазмұны: балаларды білімге, өнерге, адамгершілік пен тәрбиеге баулу болып табылады. Ол ел-жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп, күн көретін отырықшылыққа шақырды. өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықтығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Мысалы, ''Қыпшақ Сейітқұл'', ''Киіз үй мен ағаш үй''.
''Қыпшақ Сейітқұл'' атты әңгімесінде автор мал баққан халықтың жұт пен барымтаға тәуелді екенін айта келіп, жоқшылыққа ұшыраған отыз үйлі тобырдың басшысы Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Ол сауда жасауға мал жоқ, ұрлық істеуге оның түбі қорлық деп санап, өзен-сулы Қабырға деген жерге елін көшіріп келіп қоныстандырады. Жұртқа кетпен беріп, аз жылда малды ауыл болып, байып та кетеді. Ойдан-қырдан келушілер көбейіп, артынша төрт жүз үйлі ауылға айналады. Сөйтіп, адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтындай қорған тұрғызып, қалалардан киім-кешек, азық-түлік алдырып, мамыражай өмір кешеді. Бұларға кезінде қосылмаған Сейітқұлдың ағасы ұрлықпен жүріп қолға түсіп мерт болады.
Ыбырай осы оқиғаны тартымды да көркем етіп әңгімелей отырып, жортуылшының басы жолда қалғанын, ал адал еңбек еткендердің аз жылда ел қатарына қосылғанын нақты дәлелдей алған.
Сондай-ақ жазушы ''Аурудан аяған күштірек'', ''Асыл шөп'', ''Малды пайдаға жарату'' атты әңгімелері қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылық секілді қасиеттерді тәрбиелеуге арналған. Ендігі бір алуан әңгімелері табиғат құбылысы мен оған деген адамның қарым-қатынасын ашуға құрылады. Автор өмірлік құбылыстың сан алуан болып келетіндігі секілді соларды ұғып түсінудің де әр қилы екенін ашып аңғартуды көздейді
Ыбырай өз әңгімелерін де шешендік, нақыл, аталы сөздерді жиі қолданып отырады. Айталық, ол ''Әке мен бала'' әңгімесінде ақыл-насихатқа толы: ''Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаларсың'' секілді жолдарды ұсынса, ''Қыпшақ Сейітқұлда'': ''Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай термен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды'', - деп шешендік үлгіде сөйлейді.
Сонымен Ы. Алтынсарин өзінің қара сөздерінде тәрбиелік мәнді, қысқа сюжетті, шағын әңгімелердің алғаш рет негізін салды. Демек, осы тұрғыдан алып қарасақ Ыбырай ақын, тұңғыш педагог, ұстаз - ғалым. Оның мұрасы тарихқа да әдебиетке де тән, ұстаздық тәрбиелік ой-пікірілері қазақтың таусылмас қазынасы.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы