Скажите сочинение на 16 декабря(на казахском языке)

Скажите сочинение на 16 декабря(на казахском языке)
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Гость
Тәуелсіздікті жырлап көңілге тигізуге болады, суретпен бейнелеп таңғалдыруға болады, әңгімелеп елестетуге болады. Бірақ, біз ешқашан майдандағы батырлардың басынан кешкендерін, жырлағандағы ащы сезімдерін, жүректегі жеңіске деген лаулаған ұмтылысты сезе алмаймыз. Оны тек сол майданның қаһармандары ғана біледі. Тәуелсіздік жолындағы күресушілердің мақсаты жақсы дайындық, күш-жігер, соғыста жеңіске жету, тәуелсіз, дербес мемлекетке қол жеткізу болса, біз, жас ұландарға тек тәуелсіз мемлекетті тұғырынан құлатпау керек. Күресте, бокста, жекпе-жекте жеңген батыр емес, ол тек мықтылықтың көрінісі. Қасық қаны қалғанша жауға тойтарыс берген батыр, бұл намыстың, өршіл патриоттықтың көрінісі. Міне, менің халқым намысты қолдан бермейтін, әрдайым әділдікті іздейтін халық. Әділдік іздеп келген адамға әділ шешімін айтып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тауып, ердің құнын, нардың тұлын екі-ақ ауыз сөзбен таразылаған би, шешендер ердің небір садыры мен тентегін тоқтатып, шекіскенді бітістіріп, араздасқанды татуластырған. Ақиық ұлы ақынымыз: «Ой-хой, қазақ даласы не көрмедің?! Қанша қурап, қаншама көгермедің?! Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой, Асанның шерге толы өлеңдерін. Ой-хой, қазақ даласы не көрмедің?!»,-деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында, одан кейінгі кезеңдерде де талай қиямет-қайым күндерді, кескілескен шапқыншылықтарды бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған өлкемізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің ерен еңбегінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Бүгінде біз-қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған пәк жүрек әнұранымызға әуен қосып, асқақтай шырқалуда. Тоғыз жылдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Мен тәуелсіз ел патриотымын! Ешбір қиыншылық көрмегенімді, ата-анамның жүзінен бақыт пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «тәуелсіз елдің патриотымын» деп айта бергім-ақ келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел деталар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»,-деп айтқандай, біздер, жас ел ұландары, тәуелсіздігімздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы-ертеңгі азамат, ел патриоты. Өршіл ақын Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін»,-деп өз үмітін артты емес пе?! Ақынның өлеңінде келтірілген көркем сөздерге біз лайық бола аламыз! Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанышпен қарсы алады. Ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Мен қазақ болып туылғаныма, бай әрі байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы