Сочинение на казахском языке про животных срочно спасибо заранее.
Сочинение на казахском языке про животных срочно спасибо заранее.
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, оның жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырым. Қазақстанның батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтай таулары дейін 2925 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтығыныңоңтүстігі мен Орал тауларының сілемдерінен, оңтүстігінде Тянь-Шань биік таулы жоталары мен Қызылқұм шөлдеріне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның табиғат жағдайдары да әртүрлі. Мұнда жазықтық жерлердің сан алуан түрлері солтүстігінде орманды далалардан басталып, оңтүстіктегі шөл-шөлейттерге, құмды, сазды, тасты, сортаңды шөлдерге жалғасады. Таулы-тасты жерлері аласа таулы жоталардан басталып, Алтайдың тайгалы ормандары мен Тянь-Шанның қарлы шыңдарына ұласады; сулары - Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Марқакөлкөлдерінен және Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Қаратал,Ертіс, Есіл, Тобыл сияқты тасқынды өзендер мен жылғалардан тұрады. Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда бомыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.
Бұлар бір-бірімен сыртқы түрі, пішіні және т.б. ерекшеліктеріне қарай түрге, туысқа топтасып, үлкен бір бірлестікті құрайды. Қазақстанда сұр жыланның - 2, тырнаның - 3, Аққудың - 3, бүркіттің - 5, қаздың - 7, ал үйректің тіпті 26 түрі бар. Омыртқасыз жануарлардың әртүрлері өте көп, оларға - жәндіктер, өрмекшілер, кенелер, балқылдақденелілер, құрттар және басқа қарапайымдылар жатады.Бұлардың көбі әлі зерттелмеген, сондықтан зоологтар жыл сайын олардың жаңа түрлерін зерттеп, сипаттап жазуда. Қазақстан ғалымдарының зерттеулері бойынша, біздің республикамыздың жерінде омыртқасыз жануарлардың 50 мыңға жуық түрі тіршілік етеді, бұлардың ішінде дене мөлшерінің кішілігіне қарамай, адам өмірі үшін маңызы зор түрлері де бар. Біреулері адамға тамақ ретінде (шаянтәрізділер, былқылдақденелілер); екіншілері - кәсіптік маңызы бар аңдарға жем ретінде (құстар мен балықтар); үшіншілері - адамдар мен жануарлар ауруын тасушылар (қарапайымдылар, биттер, бүргелер, масалар, кенелер, құрттар) болып табылады. Көптеген омыртқасыздар ауылшаруашылығының зиянкестері, кейбіреулері - (қарақұрт, сарышаян, бүйі) улы, тағы басқа түрлері адам үшін өнімдерімен пайдалы: бал аралары - бал, балауыз, прополис; жібек құрты - жібек; кейбір балқылдақденелілер - маржан және т.б. береді.Қазақстан аумағының көп жерін жазық жерлер алып жатқандықтан, оның жануарлар дүниесінің сипаттамасын далалы аймақтан бастаймыз. Жазық жерлер ел аумағының төрттен бір бөлігін алып жатыр. Қазақ мәдениетінің бесігі, дала табиғаты қазақ өмірінің әдет-ғұрпын тудырған, ол халық әндерінде, аңыз, ертегілерінде айтылған.а это второй
Жануарлар (лат. Animalia) — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетінгетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер),балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынанрадиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері,моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1,6 млн-дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т.б. береді. Сондай-ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы