Сочинение по казахском на тему көбелек

Сочинение по казахском на тему көбелек
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осынау әсем әрі құпия жәндік махабаттың, бақыттың, адалдықтың символы саналады. Батыста үйлену тойларында көгершіндердің орнына көбелектер ұшырып, жас жұбайларға бақыт пен пәк махаббат тілейтін көрінеді. Бунақденелі жәндік тұқымына жататын көбелектердің 157 000 түрі бар екен. Басқа да жәндіктер секілді көбелектер де көктемде тұқым көбейтеді. Көбелектер аралардан кейінгі тозаңдандырғыш. Көбелектер табиғатын зерттейтін ғылым «лепидоптерология» деп аталады. Ең ірі көбелек қанаты 30 см болатын «Attacus aitas» түнгі көбелегін жиі құстармен шатастыратын көрінеді. Ең шыдамды көбелек – «Монарх». Ол мыңдаған шақырымдарды тоқтаусыз ұшып өтеді. «Монархтың» жылдамдығы сағатына 12 шақырымды болады екен. Тіпті сағатына 31 шақырым ұшып өтетін түрлері де кездесетін көрінеді. Көздің жауын алатын әсем жәндіктердің бір құпиясы – олар күннің сәулесі болмаса ұша алмайды. Бір қызығы, көбелектің қанаты түссіз мөлдір болады екен. Күн сәулесі мен сан – алуан гүлдер тозаңынан түзілген ғажап түстер, қаттылау нәрсеге тисе немесе қажалса түсіп қалады. Көбелектердің қысқа ғұмыры жұмыртқадан басталып, шынжыртабан, қуыршақ және имаго (көбелек) атты төрт кезеңнен тұрады. Жұмыртқасы әртүрлі формада болады: шар тәрізді, дөңгелек, цилиндрлі және көпбұрышты бола береді. Ол көбелек түріне байналысты болады. Көбелектер өз жұмыртқаларын бір жерге көп жылдар бойы сала береді. Бұл жәндіктер ешуақытта ұйықтамайды. Азия және Оңтүстік Америкада бұл ғажап жәндіктерді деликатес ретінде де пайдаланады. Осынау құпиясы мол жәндіктің ең күрделі мүшесі – көзі, ол 6 мың майда бөлшектерден тұратын линза секілді. Көбелектер тек Антарктидада ғана болмайды екен. Олар өте ежелгі дәуірде пайда болған жәндік. Осыдан 3,5 мың жыл бұрынғы Египет аңыздарында көбелектер жайлы айтылыпты. Олардың дәм сезу мүшелері аяқтарында орналасады екен. Көбелек коллекциясын жинаумен Набоков, Ротшильд, Булгаков, Мавроди секілді танымал адамдар айналысқан. Көбелектердің жұмыртқалау кезеңі бірнеше күнге ғана созылғанымен, олар мыңдаған жұмыртқа шашады. Негізінен барлық шынжыртабандар құрлықта өмір сүреді, алайда олардың сулы жерде де тіршілік ететіндері болады. Оларды кеңқанатты көбелектер деп атайды. Жалпы бұл әсем жәндіктердің ғұмыры қысқа – бірнеше күн ғана. Дегенмен олардың ішінде ұзақ өмір сүретіндері де бар. Ол Брикстон көбелегі. 10 ай өмір сүреді. Бұл жәндіктер арасында сирек кездесетін түрі «Ханшайым Александарның желкені» деп аталатын көбелек. Ғажайып көбелек Жаңа Гвинеяның Папуа аймағында бірлі-жарым кездеседі. Көбелектің аталған түрі жойылып кетудің алдында тұрған көрінеді. Сан-алуан ғаламат бояуларымен ерекшеленген көбелектертің көптеген түрі Қызыл кітапқа енген. Олардың ішінде ауылшаруашылығына зиянды түрлері де кездеседі. Бұл ғажап жәндіктердің ішінде өмірінің соңғы кезеңінде мүлде қоректенбейтін түрлері де болады екен. Олар шынжыртабан кезінде жинақтаған энергиясымен соңғы сәттерге дейін жүре береді екен. Орыс аңыздарында тіршілігінде сиқыр немесе көріпкелдікпен айналысқан әйел адамдар о дүниелік болғанда көбелекке айналады деген ұғым бар екен. Ал қазақта «жеңіл жүрістілерді» түнгі «көбелектерге» теңеп жатады. Ең кішкентай көбелек – «Көк Карлик», оның қанатының ұзындығы бар болғаны 1,4 см. Ресей мен Сібірде көбелектің кең тараған түрі – Павель көзі. Оның қанатының жоғарғы бөлігі қызыл күрең түсті, шеткі бөлігінде адамның көзі тәріздес кескін болады. Бір қызығы өзінің көз тойғысыз қызыл-жасыл түсімен адамдарды қызықтырып, әсіресе балаларды баурап алатын осынау әсем жәндіктер тым қысқа өмір сүреді екен.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы