Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Бүгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасында Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 17-сессиясында сөйлеген сөзінде «Біз жүз жылға татитын жиырма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік. Тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, дамудың қазақстандық жолын айқындадық» деп айтқандай, осы жылдар ішінде еліміздің дамуына татулық пен бірліктің бесігі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесінің зор болғанын ерекше атаған еді. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы күннен-күнге жанданып, түрлі этномәдени шаралардың ұйытқысына айналып келеді. Ассамблея қарамағындағы 16 қалалық және облыстық кіші Ассамблеялардың жұмыстары да ауыз толтырып айтарлықтай болып отыр. Соның бірі – Қызылорда облыстық Қазақстан Халықтары Кіші Ассамблеясы.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы