Өтінем дауыссыз дыбыстар туралы ертегі құрап беріндерш өөөөөттттіііннеемм
Өтінем дауыссыз дыбыстар туралы ертегі құрап беріндерш өөөөөттттіііннеемм
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Әлдеқандай патшалықта емес, мемлекетте емес тура өзіміздің осы аузымыз болыпты. Үйдің төбесі таңдай, еден дегеніміз төменгі таңдай, үйдің екі қабырғасы екі жағы болыпты. Ал үйдің есігі екі ерін, оның ішінде есік бекем болу үшін қойылған сүйек шарбақтар бар екен, ол – тістер. Бір күні осы үйге, яғни ауызға жылан кіріп орнығып алады, сүйтіп зұлымдық істерін жасай бастайды. Көңіл - күйі жақсы болғанда ол дыбыстарды емін - еркін өткізіп жібереді, мысалы былай А, О, Е, И, Ы, У. Бұл дыбыстар үсіне қызыл көйлек киіп есіктен емін - еркін өтіп шығып жатады. Ал кейбір дыбыстардың жолына сұр жылан түрлі кедергі жасап есікті жауып қояды. М - м - м, Н - н - н, Т - дыбысы шығар кезде тіпті таңдайға жабысып қалады. Сөйтіп сұр жылан дыбыстарды ысылдауға, шырылдауға, қырылдауға мәжбүр етеді. Біресе сұр жылан дыбыстарды құйрығымен ұрады Р - р - р. Бұл дыбыстар ауыздан емін - еркін шыға алмайды, сондықтан олар көк көйлек киіп шығады. Сонымен, емін - еркін шыққан дыбыстар дауысты, қысылып шыққан дыбыстар дауыссыз болып екіге бөлініп қалады. Қызыл көйлек киген дауысты дыбыстар өз - өздерімен, көк көйлек киген дауыссыздар өз - өздерімен жүріп жатады. Оларды жекелей ешкім түсінбейді, сондықтан олар бәрі бірігіп буын құрайды, жеке буында түсініксіз болады, сөз құралады, жалғыз сөздің де, мәнісі болмайды, сонымен бәрі ақылдасып сөзден бір ойды білдіретін сөйлем жасайды.
Міне, содан бері балалар, дыбыстардың адамға пайдасы тиіп әлі күнге дейін тіл құралы болып келе жатыр екен
Не нашли ответ?
Похожие вопросы