Право

Переведите текст пожалуйста Пойызбен саяхат жасау Менің атым Ксения. Мен Семейденмін. Мен медицина академиясының екінші курсында оқып жүрмін. Жазғы демалыста ата анама барып тұрамын. Олар Семейде тұрады. Семейге дейін ұшақ, пойыз және автобустар барады. Студент болған соң. ұшаққа отырмаймын. Билеті қымбат болғандықтан пойызбен жүремін. Өткен жолы да пойызға отырдым. Темір жол бекетіне кіріп, ең алдымен анықтама бюросына бардым. - Кешіріңіз, Семейге дейін қандай пойыз жүреді? Қай кассадан билет сатып алуға болады? Қай платформаға шығуым керек? Қай жолдан жүреді? Купелі вагонға билет бар ма? - Семейге екі жолаушылар пойызы жүреді. Біреуі жүрдек пойыз. Кестені қараңыз. Пойыздың келуі де, кетуі де анық көрсетілген. Бесінші кассадан билет сатып алыңыз. Купелі вагонға да, плацкарт вагонға да билеттер бар. Пойызыңыз екінші вагонға тоқтайды. Бірінші жолдан жүреді. Келесі күні мен досыма билет алғыздым. Ол мені шығарып салуға темір жол бекетіне келді. Менің қол жүгім ауыр еді. Перон басы ығы-жығы халық: жүк көтерушілер, жолаушылар, шығарып салушылар, қарсы алушылар өте көп. Алтыншы вагонды іздеп келе жатырмыз. - Мынау алтыншы вагон ба? - Иә, алтыншы вагон. Мен жолсерікпін. Билетіңізді көрсетіңіз. Жолаушы кім? - Мен. Билетім міне. Менің орным қай купеде? Орным жоғарыда ма, әлде төменде ме? Жолсерік бәріне жауап берді. Мен төсек орын алып, төменгі орынға орналастым. Пойыз дәл белгіленген уақытында жүріп кетті. Жолаушылар бір-біріне сәтті сапар тіледі.