Право

Алты жасар Алтай үлкен болуға асығатын. Тезірек үлкен болсам, ешкім қақпайламай, өз еркіммен жүрсем, апам сеніп жұмыс тапсыратын болса, дүкенге барып, нан әкеле ғой десе, деп асыға арман қылатын. Бала өмір алуан түрлі, таңғажайып қызық қой! "Ылғи бала қалпымда тұрсам, апам сұраған тәттімді беріп аяласа, маңдайымнан шертпесі, еш жаққа жұмсамасқа, ертеден қара кешке дейін ойнасам" Алтай бүгін ертемен тұрды да , қолжуғышқа барып, бетін жуды. Ақ тіс тазалағышымен аппаққып тісін тазалады. Өзінің кіекене ақ шағаланың суреті бар, ақ сүлгісімен таза сүртініп, киініп алды, терезенің алдына барды... Бірақ бұл қылықтарының ас үйде тңғы асты әзірлеп жүрген не апасының, не сақалын алып отырған әкесінің көзіне түспегеніне қапа болды, қатты ренжіді. "Әкем көбінесе үйде болмайды ғой. Адам болып қалғанымды ол қайдан білсін! Мменің ержетіп, ақылым кіріп, үлкен болып, есейіп қалғанымды қүнде қасымда жүрген апам байқамағанынатаңым бар. Мен оған ылғи баламын! Мен оның көзіне әрқашан сарыауыз балапан, сәби көрінем. Кейде асығып, үстіне бірдеңесін іле салып, нанға кетіп бара жатқанын көріп "Апа! Мен боспын ғой, аяғым жеңіл. Жүгіріп барып, наныңда әкеліп бере қояйын", деп өтінем. Бірақ көнбейді. "Сен әлі кішкенесің, баласың, асықпа!" детіні бар ау жанымды күйдіріп... Срочно помогите